Ақтан деген шал қойын қоралап, келіні мен қызы мал сауып жатыпты. Атасының жүргенін аңғармаған келіні қайын сіңлісіне:
— Еркем, ақтанау ешкіні ұста, — депті. Қыз:
— А, нені дейсің?
— Ақтанау ешкіні деймін, — деп қайта атапты. Күле жүріп қыз ешкіні ұстай алмапты. Сонда жеңгесі:
— Не болған өзіңе, андағы ақ тушадан бөліп қайыр, — күлкі қысқан қыз ақ тушамен қосарлана қашқан ешкіні қуалай беріпті. Жеңгесі ұзандап:
— Андағы ақтан бөліп қайыр деймін, бөліп қайыр! — дегенде, қыз одан ары күліп отыра кетіпті. Мұны абайлап тұрған Ақтан шал қақырынып қалыпты. Сонда бір-ақ сезген келіні:
— Қалай қойған ат өзі, оны айтсаң оған, мұны айтсаң бұған кете беретін, — деп бетін басып отыра кеткен екен.
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Бахыт
Азылын жарасса атанмен ойна деген
Айнара
Уят кайда мынау не деген бассыздык каска.азылын жараса google
Мен ойна.хахаха.
Айнара.
Ха ха ха.