Өлең, жыр, ақындар

Ата салтын білмеген ұл

Бір шал баласын ертіп жолаушылап құдасының үйіне барады. Құдасы мал сойып, ет асады, ет пісіп табақ алдыға келеді. Шал басты алып кескенде, баласы жамбасты жұлып алып кесе бастапты. Әкесінің ашуы келсе де, құдасының үйінде ләм-мим демепті. Қайтар жолында екі сайдың құйылысына келгенде, баласы әкесіне:

— Әке, мына сайдың қайсысымен жүреміз, — деп сұрапты.

Сонда ашуға әбден булыққан шал:

— О, әкеңнің көрі, кеше жамбасты қалай кесуді сұрамаған, бүгін қалай жүруді сұрап тұрмысың, — деп қамшымен салған екен.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар