Бұрынғы өткенде Аманжол деген ағамыз болды. Құс басы, ат басы, тазы ұстайтын еді. Өзі кедей болды. Сол әңгімесін айтқанда ішек-сілесі қатып күліп отырады. Содан естігенімді айтайын.
Ол кісі үйінен шығады. Ителгіні алып, қаршыға алып аңға шығады. Ителгі қоян алады. Сол қоян алғанда, он адам болсын, жеті адам болсын бәріне бір-бір қоян беріп, жетсе алады, жетпесе қайтып келеді. Жүкең солай болып жүрді.
Бір күні бір бүркіт ұстады. Сол бүркітті: «апырмай, талай бүркітті ұстап ем, мынадай бүркіт көрген жоқпын. 8-9 күнде зорға алдым, иліктірдім». Ол бүркітті ұйықтатпайды екен түртіп, семьясы кезекпен сол 9 күнде иліктірді. Содан құсқа салып жүрді, қоянға салып, қасқыр соғуға бір ортаңғы тырнағы жоқ, шолақ екен. Болмаса қасқыр алады деп мақтап отырушы еді.
Сол бір күні бір уәкіл қызды алып келе жатқанымда құс бүркіт зулап келіп, менің алдыма жерге қонды. Қонып, бірден алды ғой деп мен де ұмтылдым. Ар жағынан Жүкең де шауып келді. Мен бүркітке қорқып бармадым. Жүкең келіп, аттан түсіп барып, бүркіт екі аяғымен басып бір ақ тиінді алған екен.
Сонда Жүкең жылап жібере жаздады:
— Бұл ақ тиінге түскен мен құс көрген жоқ ем, бұл жарықтық ақ тиіннен алды-ау, — деп сөйледі.
Соның алдында құс салып жүргенде бүркітінен айрылып қалыпты. Манағы шырылдап, ештеңе көрмеген бе, бұл кісі көрген бе шырқырап қанатымен шапалақтаған кезде шідеріні қоя беріпті. Айдап ұшып кетіп отырыпты. Оның не қуып кеткенін білмейді бұл кісі. «Артынан шапқылай бердім, шақырдым, бұрылмады. Сонан айрылып, үйге келдім». Сонан үйге келіп, әйеліне айтыпты: «Ойбай, қатын, айрылдым». Содан манағы кейіп жатады, жатса түс көреді.
— Құсым қайтып келді, — деп таңертең, — Құдайы бер, — деп әйеліне құдайы бергізіп, содан далаға шығып, құсты қамайды.
Содан туысы Ыбырай келеді.
— Ау, Аманжол, неғып тұрсың?
— Ойбай, кеше құсымнан айрылып қалдым, соны келе ме деп қарап тұрмын.
— Ойбай, Жүке, ақыл жоқ екен сенде. Кеткен құс келе ме екен? Мал емес, адам емес, — дегесін, соған тағы уайымдап тұра берді.
— Түс кезінде құсым келе жатыр екен. Көрдім де, «менің құсым ғой» деп, шақырып, баяғы айқайлап ем, жоқ, маған бұрылмады. Ауылды айналып жүріп кетті. «Апырмай, келмей кете ме» деп ем, жоқ сөйте-сөйте оралып, иығыма келіп қонды. Сонда «бұл осы адамға шабады-ау» деп ойладым да, сипап, бүркітті жерге түсіріп, сол бүркітім солай болды, — деп Аманжол ағамыз біздің бала кезімізде осы әңгімесін жиі айтып отырушы еді. Бұл — қазіргі 88 жастағы қарт Файзолла Оспановтың өзінің көзі көргені. Көнекөз Файзолла қария бізге бұдан басқа атасы Тілеулі батыр ерлігі туралы, өзінің жас кезінен білетін ертегісін қызықтыра әңгімелеп берді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі