Қасында жастау жігіт, жалғыз жолдасы бар Ыбырай бір байдың үйіне келіп түсіпті Сый-құрмет, қонақасы үстінде әлгі бай Ыбырайға қарап:
— Ыбырай-ау, атақ-даңқың жер-көкке тарады. Бар ел сені ардақтайды. Осыған орай қасыңа қалың жұрттан таңдап, балуан жігіт, сері-өнерпаз, әнші-күйші, топ ертіп жүру басыңа лайықты еді ғой, мұның қалай, жалғыз бала ертіп, салтаң жүргенің? — депті.
Сонда Ыбырай:
— Байеке, жүздің ісін бір адам тындырса, амалым қайсы? Сіз айтып отырған қасиеттер осы баладан табылмасына кім кепіл. Тегінде, өнер егіз туа берсе керек, ел туғыза берсе керек, — депті.
Бұл сөзге бай қайтып жауап қатпапты.
Сондағы еріп келген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен. Нұржан ақындығының үстіне әрі домбырашы, әрі балуан, сері болған кісі екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі