Өлең, жыр, ақындар

Архивтануда сайттар құру

Әбдірасілов Нұртай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі:  Жакишева Сауле т.ғ.д., профессор

“Егер Сіздің бизнесіңіз Интернетте болмаса, онда сіз бизнесте жоқсыз!” деген бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы, Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс. Қазіргі әлемдегі бизнес интернет арқылы  даму үстінде және интернетте болуының себебі сайт арқылы жүргізіліп ұсынылуында.Сайт тек қана бизнестің көмекші құрал ғана емес, барлық әлемнің ақпарат берушісі.Сайт арқылы ақпараттың кез-келген түрін алуға болады және білімді дамытуды жетілдіру үшін, түрлі маркетингтік стратегияларды іске асыру үшін пайдаланылады.

Әл-Фарабидің “Қандай ғылым болса да, ол-адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды” деген қанатты сөз бар.Адамзат санасына  сайт ұғымын технология ғылымының жетістіктік ерекше мәні ретінде енгізген ағылшындық Сэр Тимоти Джон Бе́рнерс Ли болып табылады.1991 жылы 6 маусымында Бернерс Ли алғаш рет сайтты ойлап тапты. “Бұл барлығы үшін” деген Бернерс Лидің  сөзі сайттардың қазіргі кезеңдегі барлық адамзаттың пайдасы үшін қызмет жасайтындығын аңғартты.

Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде ІТ-Архивтану және құжаттану білім беру бағдарламасы аясында “Архивтануда сайттарды құру” пәні оқытылуда.Сайттарды құру-бұл сайт дизайнын әзірлеуден бастап оны бағдарламалық кодпен толтыруға және жаһандық желіде орналастыруға дейінгі интернет-ресурстарды құру жөніндегі іс-шаралар кешені. Бұл пәннің оқытылуы Қазақстандағы архив қызметін қазіргі заманға сай өзгерту және архив саласына қазіргі жаңашылдықтарды  қалыптастыру, заманауи web-сайттарды бағдарламалау саласында жүйеленген білім мен біліктерді қалыптастыру,  пәнді оқу нәтижесінде алған білім мен біліктерді кәсіби қызметте пайдалану болып табылады. Кез-келген архив үшін өз сайтының болуы бірінші кезекте архивті пайдаланушылар мен серіктестердің алдында архивтің  имиджін айтарлықтай арттыра түсуінің кепілі.Сайт архивтер үшін және де қандай да болмасын ұйым үшін виртуалды кеңсе және визит карточкасы қызметін атқарып ғана қоймай,сонымен қатар айшылық алыс жерлерден,көзді ашып жұмғанша,жылдам хабар алғыздының жағдайын жасайды.Себебі кез келген уақытта пайдаланушы "оған" кіріп, оған қажетті ақпаратты ала алады: архивтік құжаттар туралы, қорлар және олардың толық сипаттамасы; байланыс деректері; жұмыс уақыты және тағы да басқа деректер.Бұл пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы және архивтер  үшін де пайдалы.Архивтік сайттардың жұмыс жасауы ақпарат құралы ретінде де қолданылады.Пайдаланушыларға өзекті және пайдалы ақпарат беруге мүмкіндік береді.Архивтің тарихы, архивтік жаңалықтар, әртүрлі ұйымдастырылатын көрмелер туралы,семинарлар,архивтік жарық көрген жинақтарды пайдалану және т.б. Сайт  архивтің жұмысын жеңілдетуге және пайдаланушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік болып табылады.

“Архивтануда сайттарды құру” пәнінің оқытылуы   елімізде қабылданған жобалардың жүзеге асуына да  мүмкіндіктер жасайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласындағы “Архив 2025” жобасы тарихи сананы жаңғыртудағы алғышарттардың бірі. Мақалада Елбасы  “Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет.” деп көрсетеді.Бұл дегеніміз сайттар арқылы электронды архивтер жүйесін құрып,оны барша қоғам игілігіне пайдасын тигізу және қазіргі уақыттағы архивтердегі құжаттарды заманға сай даярлау.

Осы пәннің аясында  ІТ-Архивтану және құжаттану мамандығының  магистранттары мен осы сала оқытушылары бірлесе отырып,Қазақстанның архивтерін бір орталыққа жинайтын және архив саласын дамыту үшін “Қазақстан архивтері порталы” сайтын жасауда. Бұл пәннің оқытылу мақсаттарының бірі де осы жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз