Өлең, жыр, ақындар

Видео сабақ дайындаған мұғалімдерге сыйақы беріледі

Төтенше жағдайға қарамастан бізге көмектесіп, видео сабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі тікелей эфирде айтты.

«Қашықтан оқуға көшкен кезде бәрі «Мұғалімдердің жалақысын көтерудің не қажеті бар? Балалар сабақты өз бетімен оқиды ғой. Сынып жетекшісіне үстемақы төлеудің не қажеті бар?» деген еді. Мен мұғалімдер өте үлкен жұмыс істеп жатқанын айтар едім. Қазіргі уақытта мұғалімдер жалақысын толық көлемде барлық үстемесімен қоса алып отыр», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ол мұғалімдердің төтенше жағдай кезіндегі жүктемелері үшін мемлекет тарапынан қандай қолдау болатынын айтты.

«Төтенше жағдайға қарамастан бізге көмектесіп, видео сабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар. Біз оларға сыйақы беру керек деп шештік. Кейбір аймақта да осындай шешім қабылданып жатқанын білемін. Министлік мұндай шешімді әрдайым қолдайды. Мұның бәрі мектеп бюджетіне байланысты шешіледі», — дейді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (8)

Ziruza

Өте жақсы

Айда

Өте керемет

Айжан

Неге видео сабақ дайындаған Үздік ұстаз деп сонша бөлек-бөлек адамдардың арасында сондай бөлінушілік туғызасыздар. Зейнетке шығар кезде боссыңдар деп шығарады да жібереді. Ол да 40 жыл жұмыс істеген еңбегі ескеріліп жай құрметпен шығарып салу деген жоқ. Видеоны айтасыздар. Өте төмен нәрсе.Оны жай сабақ үстінде ақ пайдаланып жүрген сабақ. Оғанда өз таныстарын ұсынады.Мектептің ішінде жүргенде ақ байқайсың.Жабысып қалғансып 10- 15 жылдап отыратын директорларды ауыстыру керек. Менімше видео үшін сыйақы беру деген артық сияқты.

Алия

Менің айтайын дегенім мектеп ішінде әділетсіздіктер көп. Әсіресе өз таныстарын ұсыну директорлар өзіне қажетті мұгалімдерді ғана тартады.Әлеуметтік жағдайы төмендеу мұгалімдерді жанына маңайлатпайды. Директорлардың өздері таныспен тұрады. Одан кейін әлі ақшамен жұмысқа тұратын мұгалімдер көп. Замендерді, уақытша орны бос мұгалімдердің сағаттарын өз пайдаларына шешеді.Ата бабасы мұраға тастап кеткен мектеп құсатып мұгалімдерді коллектив боп жинап алады да аузына келгенін сөйлейтін директорлар бар мұғалімдер неге үндемейді,өйткені барар жері жоқ жұмыс керек кету үшін үйін сату керек ол өте қоймайды одан кейін районодағы бухгалтерлердің директормен қандай қатысы бар пәленше мұғаліміңіз районода жүр мектепке келсең неге барасың деп жағаңнан алады ол мектеп директорына бағынышты ма мектепте директор мен көмектесемін тағыда беретін адамдарым бар деп бүкіл коллективтен ақша жинатады,УБТ,ОЖСБ,комиссиясы,журнал тексеруге келді,мектептің рейтингі түседі,пожарный келді мен өз қалтамнан бердім,Санэпидстанция келді мен өз қалтамнан төледім отпускаға шығар кезде районнан айтты бәрімізді бір уақытта ғана шығарады.Мен айта берсем шашым жетпейді.Айқайласам даусым жетпейді.Ақша беріп жұмысқа кіргендер бірнәрсесін өткізген соң жұмысқа барын салмайды. Олар директордың адамы болды.Директор мен завучтар норка шуба кйіп келіп поурочный тексереді.Қызыл етік,жасыл басаножка,сапсары туфли киіп келеді мектеп емес сән салоны.сұлулық салоны сияқты тырнақ кірпік дегендер өз алдына бірнеше рет тесттен өте алмай жүріп әрең өтіп келіп ары қарай жұмысын жалғастыра береді. Әсіресе зейнетке шығатын мұгалімдерге сый құрмет көрсетілмейді. Әсіресе боссыз деп босата салатындары жаман. Директорлар мұғалімдер арасында қолынан іс келетін штукатурка жасайтын бақшасы бар,сияқты мұғалімдерді артық сағаттар беріп қарық қылады.Менімше педагогика сатылмайды біз болашақ ұрпаққа білімнен бөлек ізгілік,үлкенді сыйлау,қамқорлық жасау,қарапайым,адал болуды үйретуіміз керек,ал қашықтықтан сабақ беру ол оңай дүние емес,өйткені оның қиындығы бар.Мұғалім емес баланың нервничать еткенін байқайсың.

Раушан

Алия сіздің айтқандарыңызбен толықтай келісемін.

Myrza

Өте керемет

Нағима

Менде пікірімді жазғым келіп отыр пікірді түсінетін адам болса директорлардың жалақысын екі есеге көтереді дегенге директор не жұмыс істейді қол қояды адам қабылдайды біреуін алады біреуін шығарады маған ұнамайды директор коллектив басқарады дегені болмаса күлкілі нәрсе директор только таныспен,ақшамен жұмысқа тұрады. Көзбояушылықтың қажеті не? Келеді де мен комиссияны келтіртпеймін ақша жинаңдар әр методтың мұгалімдеріне салық салады. Әр адамға нан керек. Сол үшін методтар жүгіреді.Тапта тап деп. Осы жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ басталғалы завучтар былай істейді мен районоға отчет өткізе алмай келдім білім сапасы төмен деп қабылдамай қойды деп общий жиналыс жасап содан профком мен мемлекеттік мектептің бетке ұстарлары бар директормен кеңес өткізетін ешкімді қатыстырмайтын журналды түгел қайта істетті кей жастардың жанын шығарды. Мен мектеп дегеннен көңілім қалды,шынын айтсам. Директор деген ақ ит кіріп көк ит шығатынды қойғанша қоймай ақ қойған жаксы.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар