Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығының
2-курс магистранты Қайниденов Расул Құрманғалиұлы
Ғылыми жетекші – филос.ғ.к., доцент А.Р.Альмухаметов
Аннотация: VII ғ. Ислам діні араб түбегінде қалыптасып, енді өсіп келе жатқан шағында, солтүстігінде көрші тұрған Византия мен Сасанид империялары дүркіреп тұрған кезі болатын. Жаңадан қалыптасқан, жас мұсылман елі Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың әкелген дінін өзгелерге жеткізу мақсатында өзінен әлдеқайда қуатты елдерге жорық жасаудан тартынбады. Бұл мақалады мұсылмандардың дінді жаюға әсер еткен негізгі қозғаушы факторларына және аймаққа исламның орнығу себептеріне тоқталдық. Көптеген халықтардың, оның ішінде түркі халықтарының да төл сеніміне, мәдениетіне айналған Ислам дінінің түр-сипаты мен оның таралу үрдісіне байланысты түрлі ой-тұжырымдардың айтылуына байланысты, осы мәселені жан-жақты қарастырып, салыстырмалы талдау жасап, дұрыс қорытынды шығаруға тырыстық. Қазіргі Иран мен Ирактың аумақтарын алып жатқан парсылық Сасанид империясының (224-651 жж.) халифалықтың құрамына өтуі Орта Азиялық түркі халықтарына да жол ашты.
Аннотация: VII веке, когда религия ислам только начала свое формирование, свой призыв, на севере уже существовали такие великие империи как Византия и Сасаниды. Молодое государство мусульман дабы донести пророчество Мухаммада (с.а.с.) стойко шли против могучих государств того времени. В данной статье мы рассмотрим факторы которые сподвигли мусульман на эти походы и причины укоренеие ислама в этих регионах. В связи с тем, что характер ислама и ее распространение вызывает разногласие и разные теории, мы бы хотели рассмотреть, сравнить сведения связанные с этой темой и сделать правильныйе выводы. Переход територии Сасанидской империи (224-651 гг.), которые являются териториями современного Ирана и Ирака, мусулманскому халифату открыло путь тюркским народам Центральной Азии.
Annotation: The 7th century, when the religion of Islam was just beginning its formation, its appeal, in the north there were already such great empires as Byzantium and Sassanids. The young Muslim state in order to convey the prophecy of Muhammad (pbuh) steadfastly went against the powerful states of that time. In this article, we will consider the factors that motivated Muslims on these campaigns and the reasons for the rooting of Islam in these regions. Due to the fact that the nature of Islam and its spread causes disagreement and different theories, we would like to consider, compare the information related to this topic and draw the right conclusions. The transition of the territory of the Sassanid Empire (224-651 gg.) Which were the territories of modern Iran and Iraq to the Muslim caliphate opened the way for the Turkic peoples of Central Asia.
Кілтті сөздер: Сасанид империясына исламның келуі, Орталық Азияда исламның таралуы, Иранға исламның келуі, ислам діні қалай таралды.
Ключевые слова: Распространение ислама в Сасанидской империи, распространеие ислама в Центральной Азии, распространеие ислама в Иране, как распространаялся ислам.
Keywords: The spread of Islam in the Sassanid Empire, the spread of Islam in Central Asia, the spread of Islam in Iran, how Islam spread.
Негізгі бөлім
Ислам сөзі «тыныштық, бейбітшілік, амандық» дегенді білдіреді. Исламның маңызы мен рухы сол нәрседе. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Батыстағылар Исламды тыныштықтың емес, соғыс, басқыншылық, хаос және бүлікшіліктің діні ретінде түсінеді. Ислам тек атауымен ғана тыныштық діні болмастан, өзінің барлық тәлімдерімен де тыныштық діні болып табылады және соны іс жүзінде көрсетуде. Егерде сөзбе-сөз аударатын болсақ, «Ислам» деген сөздің екінші мағынасы – «бойсыну». Осылай, «тыныштық» және «бойсыну» деген сөздер Исламды толық бейнелейді. «Тыныштық» – мұсылманның басқа адамдарға жасайтын мәмілесіне, сондай-ақ Исламнан табатын тыныштыққа байланысты. «Бойсыну» – мұсылманның Құдайға қылған мәмілесін білдіреді. Қысқаша айтқанда, діннің бүкіл философиясын сол тек бір сөз қамтиды. Ислам ілімінде ескере кететін қызықты жайт: әрбір шынайы дін өзінің Құдайдан екенін көрсетуі үшін, екі шартқа ие болуы керек. Біріншіден шынайы діндер адамға өзінің Жаратушысын танытуды қаласа, екінші жағынан басқа адамдарменен үлгілі, жағымды байланысты түзуге бағытталады.[1, 6-7 б.]
Әхли сунна ғұламалары былай дейді: «Алланың әрбір пайғамбары өз дәуірінің және өз қауымының ішінде қай жағынан болмасын ең кемелі болып табылады. Ал Мұхаммад (с.а.с.) Пайғамбар болса – әлемнің жаратылғанынан бастап, соңғы ақырет күніне дейінгі барлық қауымдардың ішінде ең кемелі және ең жақсысы болып табылады. Қай жағынан болмасын оны ешкім де аса алмайды. Бұл заңды жағдай, себебі барлық нәрсеге күш-құдыреті жететін Жаратушы оны осындай қылып жаратты. Оған лайықты дәрежеде ешкім алғыс айта алмайды және теріске де шығара алмайды».
Құранда айтылғандай: «(Уа, Мұхаммед!) Біз сені күллі әлемге (күллі жаратылысқа) теңдесі жоқ рақым ретінде ғана жібердік» [2, 21:107].
Жоғарыда айтылған исламның негізгі анықтамалары бейбітсүйгіш дін екендігін және барлық адамзатқа келген дін екендігін айқындайды.
Абу Бакр әл-Хузалидің сөзінен жеткен риуаятта: «Маған мынандай оқиғаны жеткізді, бірде Алланың Елшісі қажылықтан кейінгі күндердің бірінде, сахабаларының алдына шығып, былай деді: «Уа, адамдар! Алла мені рахым етіп және барлық адамзатқа жіберді, мен жайында ойларың өзара бөлінбесін, Исаның апостолдары ол туралы бөлінгені сияқты!» Сахабалары одан сұрады: «Уа, Алланың Елшісі! Апастолдардың пікірлері қалай бөлінді?». Ол былай жауап қайтарды: «Ол мен шақырған нәрсеге шақырды. Ол біреуді жақын аймаққа жібергенде, олар соған қуанып, ал алыс аймаққа жіберілген адам ол жаққа барғысы келмей, уақыт созумен болды. Осыған байланысты Иса (а.с.) Аллаға шағымданды, содан кейін уақытты созып жүргендер жіберілген аймақтардағы халықтардың тілінде сөйлейтін болды» [3, 597 б.].
Мұхаммед осы сөздермен сахабаларын үлкен іске дайындады, себебі ислам діні белгілі бір аймақты ғана емес, барша қауымдарды қамтиды. Сахабаларының барлығы оған мүлтіксіз бағынып, бұйрықтарын толығымен бұлжытпай орындайтындықтарын, жіберген жаққа баратындықтарын айтқаннан соң, Мұхаммед сахабаларының біразын шет аймақтарға, билеушілерге жібере бастайды.
Мұхаммед патшаларға исламға шақыру мақсатымен хат жазып елшілерін жіберді. Ол Дихя ибн Халифті – Византияның патшасына; Абдулла ибн Хузайфаны – Парсы Хосровқа; Әмр ибн Умайяны – Эфиопия королі Негуске; Хатиб ибн Әбу Балтағаны – Александрияның королі Мұқауқиске; Әмр ибн әл-Асты – Бану әл-Аздтан болған әл-Джулундидің ұлдары Джайфар және Иязға, Оманның басқа да билеушілеріне. Салит ибн Әмрді – Йамамның билеушілері болған Сумама ибн Ксалу әл-Ханафиге, Хаузаибн Әли әл-Ханафиге; Әл-Ас ибн әл-Хадрамиді – Бахрейннің королі әл-Мунзирибн Сава әл-Абдиге; Шуджаибн Вахбты – Сирия шекарасының патшасы әл-Хурс ибн Әбу Шамр әл-Ғассаниге; Шуджа ибн Вахбты – Джабаль ибн әл-Айхам әл-Ғассаниге; Әл-Мухажир ибн Әбу Умайй әл-Махзумиді – Йемен патшасына әл-Харс ибн Әбд Куләл әл-Химяриге жолдайды.
Джо-Анн Гросстың айтуынша, «Орталық Азия мәдениетін қазіргі таңда түрік-иран мұрасы айқындайды, Орталық Азия халықтарының басым көпшілігі бұдан бұрыңғы тарихи кезеңдерде түркіленгендігін ескеру керек. Ислам бұл жерлерге VIII ғ. бастап арабтардың келіп орталық қалаларды басуымен енді. Жүздеген жылдарға созылған исламдандыру үрдісі күрделі, әрі түрлі жолдармен болды» [4, 147 б.].
Орталық Азияда өзгерістердің орын алу үдерісін түсіну үшін, ең алдымен түпкі фактордан, жаңа өркениеттің қайнар көзінен, ауқымды аймақтардың тұрмыс-тіршілігін түрлендірген – ислам дінінен бастау керек. Себебі, «ол – мұсылмандарды дінді жаюға итермелеген негізгі рухани өзек болып табылады. Осы діннің шеңберінде және сол арқылы жаңа әлеуметтік қоғам қалыптасты. Ислам жеткен аймақтардағы халықтарға олар үшін жаңа болған сауалдарды қойды, өмір және әлем жайында жаңа ой негіздемелерін ұсынды.
Сөзсіз, ислам сенімі адамның тегіне, этникалық түріне қарай бөлінбейді. Ол бүкіл адамзаттың бір тектен туындау принципін ұстанады. Исламда адамдар нәсіліне, тегіне қарап емес, сеніміне қарай ажыратылады. Ислам ибрахимдік болып табылатын, пайғамбарлар арқылы жеткен монотеистік діндерді мойындайды және оларды «Кітап иелері» деп атайды. Бұл дегеніміз, ислам діні христиан және иудаизм сенімдеріне қанша сыни көзқараспен қарағанымен, олардың тарихи маңыздылығын, оларға өте жақын сенімдер екенін айтып, әрі байланысын жоққа шығармайды [5, 6-7 б.].
А.Зарринкуб «Кітап иелерін» ислам қабылдауға мәжбүрлеген жоқ деп жазады. Еврейлер христиан елдерінен гөрі, ислам елдерінде әлдеқайда еркін, амандықта өмір сүрді. Сол сияқты шығыстық христиандар – несториандықтар, яковиттер және т.б. Римдік империядан гөрі, исламдық жерлерде тыныш ғұмыр кешті. Ал ислам иелігінде өмір сүрген зороастрийлер төлеп жүрген джизия салығы кезінде сасанид билігіне төлеген жан басы салығынан бірнеше есе төмен болды.
Мұхаммед (с.а.с.) парсылардың патшасы Хосровқа Абдулла ибн Хузайфа арқылы жолданған хатта: «Рахымды, Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Алланың елшісі Мұхаммед атынан – парсылар билеушісі Хосровқа.
Амандық пен саулық – Исламға мойынсұнғандарға, Аллаға және елшісіне иман келтіргендерге, Алладан басқа құдай жоқ екеніне, баласының, көмекшісінің жоқ екеніне сенгендерге, Мұхаммедтің оның құлы әрі расулы екенін қабылдағандарға!
Күмәнсіз, мен сені Исламның кең әрі бейбіт әлеміне шақырамын, Исламға қарсы шыққан жағдайда, Құдайға және Оның елшісіне қарсы соғысқа дайындал». Хусров «оның елі құрысын» деп Мұхаммедтің хатын жыртып тастайды. Ирандық шахтың осындай қарсы жауабынан кейін арабтардың Сасанид империясының жеріне басқыншылық әрекеттері басталады, соның құрамында болған Орталық Азияға да.
Мұхаммедтің өлімінен кейін 633-651ж. төрт әділ халифалардың дәуірінде көрші және басқа да елдерге қарсы жорықтар жасалып, исламды кеңге жаюда үлкен жетістіктерге жетеді. Саяси көзқараспен қарайтын болсақ, әділ халифалардың билік кезеңі, өзге елдерді бағындыру уақыты болды. 633-634 жж. Сирия мен Палестина, Мысыр мен бүкіл Кіші Азия бағындырылды және Сасанидтік Иранның шекарасына шықты.
Иранға бағытталған жорықта араб әскері иран әскерімен алғаш Хафир деген жерде қақтығысады. Бұл шайқас Занджир деген атпен белгілі. Аталмыш соғыста мұсылмандардың қолбасшысы Халид ибн Валид иран әскерін ойсырата жеңіп, иран әскер қолбасшысы Хурмузды өлтіреді. Ал келесі 634 ж. Мазор деген жерде араб пен иран әскерінің арасында болған шайқаста Иранның 50 мыңдық әскері жеңіліске ұшырап, мұсылмандарға Иран жеріне жол ашылды.
Арабтардың жаулау үрдісін зерттеген Е.А.Беляевтің пікірінше, VII ғ. Азия, Африка және Европада бірінші жаулау кезі Әбу Бәкір, Омар және Осман дәуірінде орын алды. Ирандық ғалым Саид Нафиси арабтардың Иран жеріндегі жаулау әрекеттері турасында айтқан пікірі бойынша, арабтардың иранға қарсы бағытталған жорықтары 630 ж. Сасанид елінің құрамында болған Бахрейнге шабуыл жасаумен басталады. Арабтар иранды толығымен 651 ж. бағындырып болады.
Сасанид әулетінің соңғы шахы Йездегир III өлтірілуімен Иранның санғасырлық дәуірі аяқталды, 425 жыл өмір сүрген көне ұлық империялардың бірі – Сасанид империясы құлады.
Осман билігінің тұсына дейін Араб халифалығы өсіп, кеңге жайылып үлгереді. Осы мәселені қозғаған европпалық зерттеуші А.Мюллер былай дейді: «Ең алдымен халифаның бұйрығымен бірінші толқын арынды күшпен аттанады: олар Персияны Оксусқа дейін, Сирияны, Месопотамияны, Арменияны, Кіші Азияның кебір жерлерін Константинопольға дейін, Мысыр және Африканың солтүстік жағалауын Карфагенмен қосып алады» [6, 313 б.].
Билікке Муғауия ибн Абусуфиян келгеннен кейін ислам мемлекеттілігінің екінші кезеңі басталды – Умауи халифалығы (661-750 жж.). Осы Умауилердің билік ету дәуірін арап шапқыншылығының екінші кезеңі десек болады. Муғауия Иранның солтүстік аумақтарын бағындырып болу үшін Хорасанның билеушісі етіп Кайс ибн Хайсамды тағайындайды. Ол екі жылдың ішінде (662-663 жж.) Бадгис, Герат, Бушандис және Балхты бағындыра алды.
А.Мюллер бұл кезеңдегі халифат тарихын былай түсіндіреді «Абд әл-Мәлік (685-705) Умауи әулетінің билігін нығайтқаннан кейін, араб ұлты ұлы қолбасшы әл-Уалидтің (705-715) тұсында екінші толқынмен жерлер мен халықтарды баса бастады: шығысында Үндістан мен Түркістанға дейін, солтүстігінде Кавказ және Константинопольдің қабырғаларына дейін. Ал батысында Атлант мұхитына дейін және ары қарай Франция жеріне терең бойлады... Арабтардың ұлы қозғалысы өз шарықтау шегіне жетті» [6, 313 б.].
Тәжік ғалымы А.Хақназаров Орталық Азияда араб шапқыншылығының ерекшеліктерін зерттеу кезінде, келесіні атап айтады, Құтайбаға дейінгі қолбасшылар, соның ішінде Убайдулла және Саид Бұхара мен Самарқандқа қарсы жорық жасаған кездерінде билеушілерден және жергілікті халықтардан мол көлемде құн алып, жергілікті тұрғындардың арасында исламды жаюға еш көңіл бөлмеді. Құтайба бұл іске ерекше мән беретін. Сондықтан, жергілікті халықты ислам діни рәсімдерін және оларды орындау тәртіптерін үйрету үшін, ол әрбір бұхаралық отбасыға бір әскери мұсылманды тұрғызды.
Құтайба Самарқандты алғаннан кейін қайтадан Балхқа аттанды. Балхтан кейін ол Кеш, Насаф, Хорезм, Ходженд, Ферғананы жаулады. Ферғанадан кейін Құтайба Қытайға жол іздей бастады және сөйтіп Қытайдың үлкен қаласы болған Қашғарға жетті. Ол Қашғарда Касир ибн Фаланның басшылығымен 12 адамнан тұратын елшілік құрып, оларды Қытай императорына жолдайды. Қытай императоры елшілікті қабылдайды. Мұсылмандар императорға өзінің қалаулары мен ұсыныстарын императорға жеткізді. Император оларға сый-сияпат көрсетіп шығарып салады. Кутайба жауап алғаннан кейін қайта Мервке оралады.
Осымен Құтайбаның Мәуараннахрге жорықтары аймақты алуымен аяқталды 713-715 жж. Ал Асад ибн Абдалланың нәменгерлігі тұсында Хорасанның соңғы облысы Хатлон алынуыменен 676-737 жж. Хорасанды бағындыру аяқталады.
Осылайша, арабтардың Хорасан мен Мәуараннахрде жеңіске жетуі ислам діндеріне деген беріктігі себеп болды. Сонымен қатар, Сасанид иапериясының, соның ішінде Хорасан мен Мәуараннахрдың бағындырылуы бұл елдердің саяси және әлеуметтік бытыраңқылығы, жергілікті билеушілердің сатқындығы, елдің әскери күшінің әлсіздігі, сыбайлас жемқорлық, кенеттен әлеуметтік стратификациялануы ұлттың және жергілікті халықтардың бірлігінің жоғалуы, бастарын қосып біріктіретін діннің болмауы және т.б. жағдайлар себеп болды.
Ескеретін жайт, зерттеушілердің арасында жергілікті халықтың исламға дейінгі діни көзқарастары және ислам діні қалайша бұл жерлерде тұрақтап қалғандығы турасында бірегей пікір жоқ.
Әлеуметтік-экономикалық бытыраңқылық, жиі дінаралық қақтығыстар, зороастрийлік дін басылары қарапайым халықтың мұқтаждықтары мен мүдделеріне немқұрайлылығы Сасанид империяның әлсіреуіне себеп болды. Сонымен бірге, жергілікті халық өздерін жергілікті биліктің зұлымдықтарынан құтқаратын құтқарушыны – адамды немесе ілімді күтуде болды. Дәл осы уақытта келген ислам құтқарушы ретінде қабылданды. Құранда айтылғандай: «Ол (Құран) күллі ғаламға (бар жаратылыс үшін) насихат әрі ескерту» [2, 81:27].
Құранның басқа да аяттарында, арабтардан гөрі басқа халықтар исламды қабылдауға моральдік және рухани тұрғыда әлдеқайда дайын екендігін баян етеді. Бұл аяттар Мұхаммедке (с.а.с.) түскеннен кейін, олар араб емес қауымдардан ерекше қолдау тапты: «(Уа, расулым), егер мына кәпірлер де өзіңе берген осынау аманаттарымызды мойындамайтын болса, шүбәсіз, Біз оларды мойындайтын, күпірлік қылмайтын қауымға табыстаймыз» [2, 6:89].
Ислам діні өзіне дейінгі сенімдерге, олардың нәсілдік, қоғамдағы орны мен таптық ерекшеліктеріне қарамастан, өзіне ілескендерді тең құқықты және өзара бауыр деп қабылдады. Ислам өзгелердің ұлтына, нәсіліне және тіліне қарамастан мұқтаждарды, әйелдерді және құлдарды қамқорлыққа алуға шақырды. Ислам алғашқы күннен бастап интернационалды, толерантты және жалпы адамгершілік қасиеттерге ие болғаны анық. Міне осы нәрсе аймақтағы халықтың арасында исламның таралуына алғышарт болды.
Исламды зерттеген француз ғалымының пікірінше, «егер діни сенімдерді саяси қажеттіліктерден ажыратып алатын болса, исламнан артық толерантты және фанатизмнен арылған дін жоқ» [7, 22 б.].
Ислам діні адамдардың бір-біріне жақындығын сеніміне қарай айқындайды. Әсіресе, Кітап иелері мен пұтқа табынушылар бір-бірінен алшақ. Мұсылмандар мен христиандар бір-біріне мұсылман-арабтар мен пұтқа табынушы-арабтарға қарағанда әлдеқайда жақын болды [5, 7 б.].
Сонымен қатар, ислам доктринасы аса бейбітсүйгіш болды және өзге түсініктерге сабырлық танытты. Жихад сөзінің бірінші негізгі мағынасы – өзінің дінсіздігімен немесе әлсіз иманымен күресу, «соғыс» жариялау болып табылады. Өз ішіндегі «дінсізді» жеңу керек болды. «Өзгелерді» исламға шақыруда Құранның ұстанған негізгі принципі – көз жеткізу принципі болды. Халықтың исламға қызығуына келесі аят та ерекше түрткі болды: «Егер мүшріктердің бірі сенен пана тілесе, оны қанатыңның астына ал. Сонда ол үшін Алланың сөзін есту мүмкіндігі туады (бәлкім иман келтірер). Содан кейін оны баратын һәм өзін қауіпсіздікте сезінетін жеріне дейін аман-есен жеткізіп таста. Өйткені олар расында да иманның, хақ діннің не екенін білмейтін ақиқаттан бейхабар қауым» [2, 9:6].
Ислам келмей тұрған уақытта Иран және Орталық Азия халықтары рухани құлдырау халінде болды, ол аймақтарда толеранттылық болмады. Ислам діни және этникалық фанатизмнің қыспағында болған жергілікті халыққа жаңа өмірді ұсынды. Орталық Азияда буддистер, христиандар және зороастрийлердің арасында таралған нәсілдік және этникалық қысым көрсету ауыртпалықтары Құранның ықпалымен емделіп отырды. Буддизм, христиан және зороастрий діндерінің өзгелерге деген төзімсіздігіне қарамастан, «жаңа дін «Кітап иелеріне» толеранттылықты ұстанды және ғылым мен өмірге деген ерекше қызығушылығын көрсетті. Исламның даму үрдісі саяси алауыздықтардың салдарынан исламға тән толеранттылық сипаты жоғалғанға дейін жалғасты» [7, 19 б.].
Жоғарыда айтылған нәрселердің аясында келесі қорытындыға келсек болады, аймақтағы халықтардың арасында исламның таралуына себеп болған келесі факторлар бола алады:
- бұрыңғы наным-сенімдердің, секталар мен ағымдардың құлдырауы;
- әлеуметтік-экономикалық сипаттағы факторлар;
- саяси факторлар;
- Сасанид елінде бірлік идеяларының болмауы;
- салықтардың көптігі халыққа ауыр келуі;
- Сасанилердің мемлекеттік құрылымның құлдырауы және мемлекеттік жүйенің әлсіреуі;
- ұлттың және оның дәстүрлі-моральдық негіздерінің ескіруі;
- касталық жүйе және әлеуметтік-әділ қатынастардың болмауы;
- тиімсіз экономикалық жүйе;
- адамның құқығын таптайтын сот және заң жүйесі;
- ислам ілімін толық мойындау, оның әділ сипатын және Құдайдың алдындағы барлық адамдардың тең құқылығын қабылдау;
- жаңа діннің көркемдігі және т.б.
В.Буллет аталмыш факторларды ескере отырып былай дейді: «саналы түрде жаңа дінді қабылдаған адам жайында, оның бұрынғы діні оның адамгершілік көзқарастарына жауап бере алмауы мүмкін деп айтуға болады».
Шынымен, бұл үрдіс белгілі бір дәрежеде ерікті түрде және адамдардың қажеттілігіне қарай жүзеге асты, себебі «бірнеше жүз мыңнан тұратын көп емес арабтың әскері, мәжбүрлі түрде көптеген миллиондаған халықты өз діндерін, дәстүрлерін және салттарын тастауға көндіруі» және мүлдем басқа дін мен мәдениетті қабылдатуы мүмкін емес еді.
Барлығымызға мәлім болғандай, арабтар Орталық Азияға жасаған жорықтарында қала мен ауыл тұрғындарының алдына үш шарт қоятын: исламды қабылдау, джизия төлеу немесе соғыс жүргізу. Арабтардың алғашқы басқыншылық кезінде көпшілік этностар жаңа діннің түр сипатын әлі түсіне қоймағағандықтан джизия төлеуге келісетін.
Қаперге алатын жайт, Хорасан мен Мәуараннахр халықтарының көпшілігі Умауи әулетінің билігі тұсында исламды қабылдады. Құранды жақсы түсіну үшін және діни рәсімдерді дұрыс орындау үшін жергілікті тұрғындар жергілікті әкімдерге, тіпті халифаға Құранды өз тілдеріне аударып беруді және намаз бен басқа да діни рәсімдерді өз тілдерінде орындауға рұқсат беруге жиі өтініш қылатын. Соның нәтижесінде Құранның көптеген аудармалары мен түсіндірмелері пайда болды және қоғамдық өмірдің исламдануына септігін тигізді. С.Л.Васильев пікірінше, аймақта исламның таралуына және қабылдануына әсер еткен тағы бір фактор – олардың араб тілін игерулері және Құранның мағынасын түсінулері [8, 121 б.].
Хорасан мен Мәуараннахр тұрғындары Құранның мазмұнымен танысқаннан кейін, өзге халықтар мен елдерге исламның таралуында үлкен рөл атқарған тұлғалар шықты. Балазуридің мәлімдеуінше, «Муғтасим Билләх халифаның билігі тұсында қолбасшылардың көбісі Мәуараннахрдан болды – соғдылар, ферғаналықтар, Усуршан мен Шаштан шыққандар. Сол елдердің падишахтары Мамунның сарайына келіп тұратын және түркілер соғысып жатқан аймақтар, олардың көршілері ислам дінін қабылдап жатты».
Аймақтың исламдануына тағы себеп болған нәрсе, жергілікті халықтар мен арабтардың арасында туыстық байланыстың орнауы. Исламның алғашқы кезеңдерінде-ақ арабтардың беделді ирандық отбасылардың, жергілікті билеушілердің жақын туыстарының қыздарымен үйлену тәжірибесі кең таралды. Мәселен, Уалид ибн Абдулмалик халифтің ирандық ақсүйек отбасынан болған Шахафаридамен үйленген соң, олардың ұлы Язид ибн Уалид халифа болды және ол ирандықтарды халифалықтың мемлекеттік істеріне араластыруға бастамашы болды.
Умауи әулетінің билігінің бастапқы кезінде араб емес халықтарды исламға кіргізудің басқа тәсілі кең таралды – олар көп көлемде арабтарды Иран, Хорасан және Мәуараннахр жерлеріне қоныстандырды. 627 жылы Зияд ибн Абисуфян халифа Хорасанның әкімдігіне Рабиғ ибн Зиядты тағайындады және сонымен қатар бұл аймаққа Басра мен Куфадан 50 мың тұрғынды отбасыларымен бірге қоныстандыруды бұйырды. Арабтарды қоныстандыру үрдісі басқа халифалардың кезінде де жүзеге асты. Соның нәтижесінде, қоныс аударған мұсылмандар жергілікті халықпен туыстық байланысты орнатып жатты, бұл үрдіс те араб еместердің арасында исламның кең таралуына үлкен септігін тигізді.
Исламның тамыры, идеялары, мәдени салттары түбінде христиан мен иудаизм діндерімен сабақтасатындықтан, Орталық Азияда өмір сүріп жатқан этникалық топтар мен христиандықты ұстанушылар ешбір кедергісіз ортақ түсінікке келіп, исламды қабылдап жатты.
И.А.Крывелевтің анықтамасы бойынша, белгілі бір христиан топтарының исламды қабылдауына әсер еткен нәрселер, «исламның эклектикалық сипаты, көне политеистік сенімдерге, христиандар мен яхудилерге исламнан өздеріне таныс сипаттар мен ілімдерді, үйреншікті құлшылық формаларды табуы» [9, 64 б.].
Арабтармен жауланған барлық елдер мен халықтар үшін ортақ болғаны, исламның сеніміне, заңдарына үйлеспегеннің барлығы шеттетіліп отырды немесе мүлдем ұмытылды. Нәтижесінде, исламның қағидалары мен салттары исламдандырылған халықтардың мәдениетінің болашақтағы даму жолын бағыттап отырды, соның ішінде Хорасан мен Мәуараннахр халықтарының да.
Қорытынды
Сасанид империясының және өзге де аймақтардағы халықтардың исламдануына әсер еткен факторлардың ішінде жергілікті халықтардың исламды ерікті, саналы түрде қабылдауы маңызды орын алады. Аймақтарға келген жаңа араб нәмеңгерлері ауыр салық салумен, арабтарды өзгелерден жоғары санаумен қоғамда наразылық тудырғанымен, ислам ілімі өзінің әділдігімен, адамдардың Құдайдың алдындағы теңдігімен, өзге дін өкілдеріне деген ерекше толеранттылығымен жаппай қолдау тапты. Осындай қасиеттерге ие болған Ислам ілімі түркі халықтарының исламдануына түрткі болған басты фактор болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Азирети Мырза Тахир Ахмад. «Исламдын элементардык окуусу», ISLAM INTERNATIONAL PUBLICATIONS LTD., Бишкек 2008. 63 бет.
2. Әкімханов А., Анарбаев Н. Құран Кәрім қазақша түсіндірмелі аударма. Алматы: Нұр-Мүбарак баспасы, 2019. 624 бет.
3. Ибн Хишам. Жизнеописание Пророка Мухаммада. Перевод с арабского Н.А.Гайнуллина. Умма Москва 2007. 656 бет.
4. Гросс Дж. Мусульманская Центральная Азия: религиозность и общество. Перевод с англ. Додхудоева Л. Душанбе 2006. 175 бет.
5. Фролова Е.А. История арабо-мусульманской философии. Средние века и современность. Москва ИФ РАН 2006. 199 бет.
6. Мюллер А. История ислама. T.1-2. М.: Астрель, АСТ, 2004. 911 бет.
7. Зарринкуб А.Х. Исламская цивилизация. М.: Андалус, 2004. 237 бет.
8. Васильев С.Л. «История Востока Т.1»: Высшая школа; Москва; 1998. 609 бет.
9. Крывелев И.А. История религии. 2 том, М.: Мысль, 1976. 419 бет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі