Өлең, жыр, ақындар

Мың жыл ғұмыр кешсең де, армандай біл!

Арман деген сөзді естігенде сіздер де қандай сезім ұшқыны пайда болады?"Арман, әй арман-ай орындалмас қой"-деп  ойлайтындар бар шығар,сірә. Көп адам  армандауды қиялдаумен шатастырып жатады. Жоқ,бұл екі ұғымның аражігін ажырата білу керек. Арман мен қиял ұқсас ұғым болғанымен түптеп келгенде, мағыналары жер мен көктей.
Қиялдау-тым әсерелеп кететін сезім. Ол аяқасты  ойда сап етеді де,жанға жақсы сезім сыйлап кетеді. Қиялдың шегі жоқ,кімнің нені қиялдап жатқанын білмейсің. Кез келген фантастика жанрындағы  фильмдерді алсаңыз (Гарри Потер)таза қиялдаудың деңгейінен туған  дүниелер болып табылады. Қиял-ешқашан орындалмайтын фактор. Бірақ,ойлап қарасаңыз біздің эмоцияларымызды сондай өзгертіп, игере алады. Мұндай  жанрындағы кинолар әлемді билеп тұрғаны ақиқат. Қазіргі заман талабына сай жазушылар мен сценарийстердің ең басты фишкасы қиялдаудан туып отырады.
Арман-ол өте шынайы дүниені елестету. Адамда арман пайда болса ешқашан сөнбейтін шоқ тәрізді мәңгілік қуатпен өмір сүреді. (Неге шоқ тәрізді дейтін шығарсыздар ). Шоқ-жанып біткен оттың соңы болғандықтан  өте ыстық болатыны  белгілі. Арманы бар адамда да  қызынған шоқ секілді арманға жету үстінде әркет жасаумен жүреді. Ешбір тынбайды,ешбір шаршамайды. Өз –өзіне сенімсіз,арманының шыңына жетуге жасқаншақ ,нағыз қорқақ адамдағы арман  шоғы бықсыған күл болар... "Армандар орындалады,Мақсатың айқын болса "-бүгінгінің мотивациясы десек те болады. Аты шулы әртістер мен блогерлердің қандай да бір  армандары орындалғанда, дәлел болатын суреттерімен осы қанатты сөзді пайдалана отырып, оқырмандарына мотивация ретінде кішігірім посттарын шығарып жатады. Иә,олардың нендей нәрсені армандап,қандай әрекет жасағаны туралы посттар аудиторияны қызықтырмай қоймайды. Өйткені сол постты оқыған кез келген адамның да  арманы бар,ол да арманына жеткісі келеді. Мүмкін мақсатын айқындай алмай жүрген болар.Арманының орындалғаны туралы постты оқи отырып,өзіндегі сенімділігі, бойындағы қуаты арта түседі. Өзіме таныс жағдай болған соң сенімді түрде осылай айта аламын. Менің де армандарымның саны шексіз. Кішігірім армандарым мен  нағыз шыңды аңсайтын армандарым  жетерлік. Бұл тақырыпты жазуға өзіме жақын адамның армандау  жайлы айтқан сөздері  себеп болған еді. Оның ойынша: "Армандау- ол қиялдау, яғни орындалмайтын нәрсе бүгінгімен өмір сүру керек дейді. Арманың болған күннің өзінде,арманыңа жету жолында еңбектеніп, бағың жанбай қалса нағыз сарсаң сонда болмақ. "Жүгірген жетпейді,бұйырған кетпейді"бүгінгімен өмір сүремін дейді". Қай жағынан  ойласа да өз ойы,әрине...
"Жүріп кетсең жетерсің,тұрып қалсаң тынарсың"бүгінгі күнді қадір тұт, бірақ ол күнмен ғана өмір сүру  бұғауда өмір сүрумен бірдей болмақ. Болашаққа уақытпен жүріп кете алмаймыз. Сондықтан  сырлы  келешекті ойымыздағы  арманымызбен,алға қойған мақсатымызбен  елестетіп көрейікші. Арманым орындалды деп болашақты елестетіп отырудың өзі қандай рақат!"Қалай ойласаң міндетті түрде солай болады". Арманыма жете алмаймын деп тәуекел ете алмаған адамның да ойындағысы болар. Өйткені адам баласы ойындағы нәрселерге кіріптар келеді. Сондықтан мың жыл ғұмыр кешсек те, армандауды доғармайық!
Ахунбай Айғаным Саматқызы                                     

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Гулзира

Өте мағыналық сөздео

Гүлім

Керемет жазылған екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз