Өлеңдер Бөлімі

Бір мұғалім — бір камера: Биыл мұғалімдер ұлттық тестілеуден қалай өтеді

Биыл мұғалімдердің ұлттық біліктілік тестілеуі «Бір мұғалім – бір камера» қағидасы бойынша өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлім етті.

«Тестілеу қағаз түрінен компьютерге көшті. Осылайша тест барысын одан ары жіті бақылауға мүмкіндік туып отыр. Яғни өткен жылда 100 адам отыратын бір аудиторияда 3-4 камера болса, қазіргі қағида — «бір адам – бір камера». Осы формат бақылауды күшейтуге өте зор мүмкіндік береді», — деді Дидар Смағұлов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2019 жылы мамыр айында өткен ұлттық біліктілік тестілеу кезінде тыйым салынған 20 412 зат табылған.

«Ал қараша айында жаңа форматта өткен тестілеуде тек 750 тыйым салынған зат анықталды. Яғни бұл жағдай бірнеше есе қысқарды. Сонымен бірге біздің жұмысымыздың ашықтығын нығайту үшін арнайы мониториг тобы жасақталды. Сыбайлас жемқорлық агенттігімен құрылған арнайы мониторинг тобы әрқашан бізбен бірге тестілеуді бақылайды», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Шолпан Қаринова биыл ұлттық біліктілік тестілеуден 160 мыңнан астам мұғалім өтетінін хабарлаған болатын. Тестілеуден өткен мұғалімдердің жалақысы 1 қыркүйектен бастап көтеріледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (2)

Жеңісгүл

Өте керемет

mirambek64

Тамыр - таныстың жолын кесетін мүмкіндіктердің бірі.

Екінші кезеңді де барынша ашық, кедергілердің жолын кесіп, жаңаша жүргізуге тілектеспін!

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×