Күн сайын тың жаңалығымен таңқалдырып отырған бүгінгі азаматтық қоғамның дамуына әсер ететін күштердің бірегейі – еріктілер болып отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды Қазақстандағы «Еріктілер жылы» деп жариялауының өзі еріктілер қауымының қоғамымызда алар орны ерекше екендігінің айқын белгісі.
Жалпы, «Еріктілер» дегеніміздің өзі кімдер? Олардың атқарар жұмысы қандай болмақ? Еріктілер – олар үлкенді-кішілі көмектің сан түрлерін барша жұртшылықтың игілігі үшін ақшалай сыйақысын есептеусіз, қайтарымсыз, ерікті түрде жүзеге асырып, мұқтаж жандарға көмек қолын созушылар. Және өзгелердің игілігі жолында саналы да риясыз еңбек еткен кез-келген адам ерікті болып табылады. Ерікті топтардың атқарар қызметтері де сан алуан. Айталық, қалауларына қарай экологиялық қозғалыстар, ағаштар мен гүлдерді отырғызу, халықтың қауқарсыз тобы: жалғызбасты қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен үйсіз отбасыларға қаржылай көмектер, ірі қалалық, халықаралық іс-шаралар мен фестивальдарды ұйымдастыруға атсалысу ерікті топтар құзырында. Жүректері иманмен нұрланған, жандары жақсылыққа құмар жанашырлардың игі қызметтері ел тарихында Нұр-Сұлтанда өткен VII Қысқы Азия ойындарында жоғары дәрежеде көрсетілген болатын. Бүгінде Нұр-Сұлтанда волонтерлік мәдениетті қалыптастыру және қолдау мақсатында 2010 жылы құрылған Ұлттық Волонтерлік Желі бар. Бұл да елімізде парасатты тұлғалардың қатары көбейіп, тұрмысы төмен қандастарымызды аяққа тұрғызу арқылы мемлекет дамуына әсер етіп, өскелең ұрпаққа тамаша үлгі көрсетіп жатқандығының жарқын айғағы. Алайда, қоғамда айтулы рөл атқарып жүрген волонтерлер қызметін дамыту мен қолдау тарапынын өзекті мәселелер шығып жатқандығы да жасырын емес. Елбасымыздың Жарлығымен биылғы жылдың «Еріктілер жылы» деп жариялануы волонтерлік бастамалардың мемлекет тарапынан қолдаудың аз табылуы сынды мәселелерді шешіп, көмекке құштар еріктілеріміздің өрісін кеңейтетін «Волонтерлік қызмет туралы заң» шығару, олардың мәртебесін көтеру, мемлекет тарапынан материалдық тұрғыда қолдау таныту сияқты ұсыныстардың іс жүзінде орындалуына жол ашса нұр үстіне нұр. Бұл бастама волонтерлерді тегін жұмыс күші ретінде пайдалану деген түсініктің қалыптасуына жол бермей, волонтерлер институтын қалыптастырып, олардың құқығын қолдай отырып, еріктілеріміздің ел экономикасына тигізіп жатқан зор үлесін кеңінен дәріптеуге септігін тигізері анық.
Алдымыздағы 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып ескі ашуы еліміздегі 200-ден астам еріктілер ұйымы мен 50 мыңнан астам белсенді еріктілеріміздің ортақ жемісі, қуанышы болғалы тұр. Бағзы заманнан кеңпейілділігімен танылыған халқымызда жақсылықтың жаршыларын насихаттау жылының жариялануы мемлекеттің мерейін асырып, тың серпін берері сөзсіз. Бекітілген бұл қадам белсенді тұлғалардың санын арттырып, жеңіске, шабытқа толы болған «Жастар жылының» қисынды жалғасы, рухани жаңғырудың тамаша жетістігі болмақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі