Өлең, жыр, ақындар

Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етеміз — министр

Қашықтан оқитынына қарамастан әр оқушының қағаз түріндегі оқулығы болуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім жәнем ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Біз оқулық жеткізу және басып шығару бойынша жұмыстар жүргіздік. Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етеміз. Бұл өте маңызды. Қашықтан оқитынына қарамастан әр оқушының қағаз түріндегі оқулығы болуы керек», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні жаңа оқулықтарды аймақтарға жөнелту жұмыстары басталды.

«Былтыр жыл соңында шығарылған оқулықтарды да тамыз айынан бастап өңірлерге жібереміз. Адамдар көп жиналып қалмайтындай етіп ұйымдастырамыз. Арнайы кесте қойылып, қажет жерде әріптестеріміз, волонтерлер көмектесетін болады. Эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етпейтіндей етіп жұмыс істейміз», — дейді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар