Өлеңдер Бөлімі

Магистранттар мен докторанттардың оқуы қашан басталады

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында магистратура мен докторантура студенттерінің қалай оқитынын түсіндірді.

МАГИСТРАТУРА

Магистранттарды 14 қыркүйекте қашықтан оқыту басталады.

31 тамызда кешенді тестілеу аяқталады;

5 қыркүйекке дейін грантқа өтініштер қабылданады;

7 қыркүйекте гранттар тағайындау бойынша конкурс нәтижелерін жариялау жоспарланған;

8 қыркүйектен бастап әкімдіктер гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа құжат қабылдау басталады;

11 қыркүйекте ЖОО-ға қабылдау үшін өтініш беру аяқталады.

2 курс магистранттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Бұл ретте қажет болған жағдайда магистранттардың өтінішімен ғылыми-зерттеу жұмысын зертханаларда жүргізуге болады.

Зертханалық және практикалық сабақтар жеке кесте бойынша әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізіледі.

Бұл кестені нақтылау үшін магистранттар өз ЖОО-ларына жүгінуі қажет.

ДОКТОРАНТУРА

Докторанттарды қашықтан оқыту 1 қыркүйекте бастайды. 1 курс докторанттары үшін оқыту қашықтан жүргізіледі. Ал 2-3 курс докторанттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады.

Бұл ретте, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысы докторанттардың өтінішімен зертханаларда ұйымдастырылады. Зертханалық және практикалық сабақтар жеке кесте бойынша әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізіледі. Осы кестені нақтылау үшін докторанттар өз ЖОО-ларына жүгінуі қажет.

ИНТЕРНАТУРА МЕН РЕЗИДЕНТУРА

Интернатура мен резидентурадағы оқу күндізгі және қашықтан оқыту форматында жүргізіледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.

Басқа да жазбалар

×