Өлең, жыр, ақындар

Бақытты да, салауатты өмір салты

Жақсы ойлау және оң көзқараста болу. Жағдайға оң көзқараспен қарау өзгелермен жақсы қарым-қатынас құруға көмектеседі және суық пен ауруға қарсы күресетін денедегі иммундық жүйені көтереді. Мәселен жақсы ойда болу үшін өзгелердің жасаған жақсылығын ұмытпаған жөн. Жаман ой келе бастағанда дереу жақсылықты еске түсіру керек.

Мақсат қоя білу. Алға мақсат қоя білу өте маңызды. Өйткені, адам мақсатты қалай қойса, ол соған қарай ұмтылады. Мақсат бар жерде арман бар, арман бар жерде үміт бар, үміт бар жерде ниет бар, ниет бар жерде талап бар, талап бар жерде еңбек те бар. Бұлар — бір-бірімен ажырағысыз, тығыз байланысты қасиеттер.

Салмақты болу. Дені сау адамға күйзеліс пен психикалық тұрақсыздық кері әсерін тигізеді. Сондықтан, байсалды болуға, күйзеліс, стресс атаулыдан сақ болуға тырысу қажет.

Жақсы дос табу. Кейбір достар жаман қырынан әсер етіп, пайдасынан зиянын көп тигізіп жатады. Ондай достардан алыс тұрған жөн. «Жақсымен жүрсең жетерсің мұратқа, жаманмен жүрсең қаларсың ұятқа» деген мақал өте орынды айтылған.

Бос отырмау. Ең жақсы тәсілдердің бірі – «Бүгінгі жұмыстарым өте көп!» деп айту. Сонда уақытты бос өткізбеуге тырысамыз. Жұмыстардың тізімін құрып, күнтізбе немесе күнделік арнаймыз. Бірақ орындай алмайтын жұмыстардың жоспарын құрмау керек.

Тынығу. Күннің ортасында 1-2 сағат ұйықтау, ұнататын тағам немесе жемістер жеу, физикалық жаттығу жасау, бассейнге бару, серуендеу секілді өзіңе көтеріңкі көңіл-күй сыйлау керек.

Күлімдеп жүріңіз! Болмашы нәрсеге ренжімеңіз. Өзгеге ренжіген адам басқаларды да ренжіткіш келеді. Қысқасы, өмірге түңілмей, көңілді жүріңіз, сол кезде өзіңізді бақытты сезінесіз. Кім біледі, сіздің жылы жымиған жүзіңіз өзгелерді бақытты етуге көмектесуі әбден мүмкін.

Ермекке (хоббиге) уақыт бөліп, өзіңізге рақат көңіл-күй сыйлаңыз! Мейлі ол өнер, қолөнер, топтама (коллекция) жинау және т.б болсын, ең бастысы – өзіңізді бақытты сезініңіз. Белсенді болыңыз, жетістіктеріңізді атап өтіңіз. Достарыңызға есесін дәметпестен сыйлықтар беріңіз. Белгілі бір жұмыспен айналысуға, сол жұмыстан рақат алуға тырысыңыз.

Отбасы мүшелеріне көмектесіңіз! Ыдыс жуып, үй тазалап және басқа да жұмыстармен отбасы мүшелеріне көмектесіңіз. Сіздің жақындарыңыз сізді жақсы көріп қана қоймайды, жақсы жұмыс атқарғаныңыз үшін өзіңізді де, өзгені де бақытты етесіз.    

Бұзақыларға және алып-қашпа әңгімелерге мән бермеңіз! Бұл әрине ең қиын жұмыс, дегенмен жүзеге асырсаңыз иығыңыздан ауыр жүк түскенін сезінесіз. Кейбір көргенсіздер сыртыңыздан әңгіме айтып жатса, оларға назар аудармай, жауап та бермеңіз. Өйткені, олар ерте ме, кеш пе сізден күтілген қарсы жауапты ала алмаған соң шаршайды. Ондай адамдармен дос болуға немесе олардың қателіктерін жөндеуге тырыспаңыз, ең дұрысы олардан ұзақ тұрыңыз. Көп ұзамай ренжуге тұрарлық адам емес екенін ұғасыз. Бұл өзіңізді бақытты және сенімді сезінуге көмектеседі.

Өзіңізге сенімді болыңыз. Ішкі жан дүниеңізге үңіліңіз, жан сұлулығыңызға мән беріңіз. Өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетуге тырысыңыз. Басыңызды көтеріп, денеңізді тік ұстап жүріңіз, позитивті көңіл-күймен, сеніммен қадамыңызды нық басыңыз.

Оқуға кеңес береміз:

Жайлы аймақтан шығу үшін 3 себеп

Бақытқа бөленудің және әрдайым бақытты болудың жолдары

Ғылыммен дәлелденген – бақытты болудың 10 қарапайым әдісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз