Өлең, жыр, ақындар

Егер қалағыңыз келсе

ЕГЕР ҚАЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  1. Азға – қанағат;
  2. Барға – тәубе;
  3. Жоққа – сабыр;
  4. Тойсаң – тоба;
  5. Ауырға – төзім;
  6. Жақсылыққа – алғыс;
  7. Жамандыққа – қарғыс;
  8. Болашаққа – сенім;
  9. Жетістікке – үміт;
  10. Өткенге – салауат;
  11. Қалғанға – береке;
  12. Басқа – амандық;
  13. Денге – саулық тілеңіз.

 

ЕГЕР САҚТАНҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  1. Достың күлкісінен сақтан;
  2. Дұшпанның табасынан сақтан,
  3. Жаманың жаласынан сақтан;
  4. Пәлеқордың пәлесінен сақтан;
  5. Астың аласынан сақтан;
  6. Ұшынған өрттен сақтан;
  7. Дауасыз дерттен сақтан;
  8. Тасыған судан сақтан,
  9. Екі жүзді қудан сақтан,
  10. Шайтанның азғыруынан сақтан,
  11. Арақтың аздыруынан сақтан;
  12. Аса байлықтан сақтан;
  13. Сайқал қатыннан сақтан;
  14. Есуас әкімнен сақтан;
  15. Ата-анаға – кінәлі болудан сақтан;
  16. Дін алдында күнәлі болудан сақтан.

 

ЕГЕР АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  1. Жұрттың алғысын;
  2. Қарттың батасын;
  3. Кішінің сәлемін;
  4. Көптің сенімін;
  5. Тәлімдіден тәрбие;
  6. Ғалымнан ғылым, білім;
  7. Жомарттан байғазы;
  8. Мәрттен сүйінші;
  9. Жерден – қуат;
  10. Көктен – нұр алыңыз.

 

ЕГЕР БЕРГІҢІЗ КЕЛСЕ

  1. Қуансаң – той;
  2. Қорықсаң – «ақсарбас»;
  3. Шошысаң – құдайы;
  4. Ауырсаң – садақа;
  5. Байсаң – шүлен;
  6. Оразада – пітір;
  7. Малдан – зекет;
  8. Олжаңнан – тәбәрік;
  9. Шөлдегенде – су;
  10. Шалдыққанға – көлік беріңіз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Павлодар қаласы

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер