Белгілі тарихшы - Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков! Келешек Қазақстан тарихнамасының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков. Ғылыми-педагогикалық қызметі кезінде 645-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік басылымдар жариялады. Соның ішінде: 11 монографиялар мен очерктер, 26 оқулықтар мен әдістемелік құралдар, оның ішінде 5 электронды таратушылар, 382 ғылыми жинақтар мен журналдар, 142-бұқаралық ақпарат құралдары. Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаттары және 24 ғылым магистрі дайындалды. Кәсіби,білгір тарихшы ретінде өткен ғасырдың 70- жылдарында таныла бастаған Т.З.Рысбеков өзінің басты зерттеу нысаны ретінде мемлекетіміздің қоғамдық саяси өмірі мәселелерін, олардың қатарында ең алдымен жергілікті кеңестердің қалыптасу, даму және нақтылы қызметі тарихы болды. Профессор Т.З.Рысбеков сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз тарихын жазу мен оны насихаттау ісіне белсенділікпен ат салысуда. Ол әсіресе Батыс Қазақстан өңірінің тарихының бұрмаланған мәселелерін зерттеуде, өткен тарихымыздың ақтандақ беттерін толтыруда жемісті еңбек етуде. «Туған өлке тарихы», «Қазақстан тарихы», «Бөкей Орда тарихы», «Тарихпен тілдесу», «Батыс Қазақстандағы халық ағарту тарихының очерктері» және де тағы да басқа зерттеу еңбектері мен оқулықтары оған толықтай дәлел бола алады. Жалпы, Т.З.Рысбеков өлке тарихын қарастырғанда мына мәселелерге аса мән берді. Тарихи концепцияларды жан-жақты, байыпты түрде қайта қарауға, тарихты әрқашан тек ақиқат-шындықпен ғана асқақтауға, ал жалған, өтірікпен қаралауға болатынын басшылыққа алған. Тұяқбай Рысбеков тек қана ғалым, ұстаз, басшы ғана емес, сонымен бірге Республикадағы және облыс, көлеміндегі қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысушы. Ол бірнеше рет Орал қалалық және Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болып сайланған. Т.З. Рысбеков Отанымыздың алдында сіңірген зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттауларына ие болды. Ол Білім министрлігінің мақтау қағаздарымен, Ы.Алтынсарин медалімен, ҚР білім беру ісінің үздігі белгісімен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағымен, «Парасат» орденімен марапатталған. Т.З. Рысбековтың отан тарихынан алатын орны ерекше.
Бисенбай Гүлдана Саматқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі