60 жасқа толған ініге тілек

Басты бет / Тілектер, құттықтаулар / 60 жасқа толған ініге тілек

60 жасқа толған ініге тілек — Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі материал.

Материал — 60 жас, ініге тілек, құттықтау, тілек — осы тақырыптарға байланысты.

Құрметті ағайын! Міне, желіп отырып, 60 деген белеске де келіп қалыппыз. Мен өзім пайғамбар жасы 63-ке келсем, артымнан ерген өкшелес інім бұл да 60-қа шығып отыр. Өткен өмір көз алдыңа кино болып елестейді екен. Ауылда бозбала болып қатар өстік, оқыдық, отау құрдық, өстік-өндік, талай елмен дәмдес болып, қызмет еттік. Әркім өзінің пешенесіне жазылғанды көріп келеді, Аллаға шүкір, жаман емеспіз деп ойлаймын. Осы аралықта дүние емес, дос жинауға, ағайынмен аралас болуға ұмтылдық. Міне, інім жиған байлығын көрсетіп отыр. Ол байлығы: ұйыған отбасы – келін, балалар, өсіп-өнген ұрпақ, осы тойға жиналған қауым, ағайын, дос-жаран. Солардың ортасындағы абырой. Байлық деген осы. Бақыт деген осы. Бір күн дәмдеске қырық күн сәлем деген. Тойға алыстан – Атыраудан, Астанадан және басқа да жерлерден ағайын-туыстар, құда-жекжаттар, дос-жарандар, қызметтес жолдас-жоралар қатысып отыр.

Үлкендердің батасын алған, Құдайдың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Сіздердің тілектеріңіз ініме, оның ұрпағына жұғысты болсын.

Қуанғаның рас болса, шақырған тойына бар деген осы. Жер қашық демей, қыстың көзі қырау демей жиналып отырмыз.

Ініме, бала-шағасына, баршаңызға дүниенің бар жақсылығын тілейміз. Еңбек жемісін, бала-шағаларыңыздың рахатын көріңіздер. Көргеніміз той болсын. Басымыз тойда қосылып жүрсін. Рахмет.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

60 жасқа толған құдаға тілек

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

60 жасқа құттықтау тілектер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

60 жасқа толған ініге тілек деген не?

Бұл бетте 60 жасқа толған ініге тілек тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

60 жасқа толған ініге тілек материалы Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі басқа материалдар 60 жас тақырыбындағы материалдар ініге тілек тақырыбындағы материалдар құттықтау тақырыбындағы материалдар тілек тақырыбындағы материалдар туған күн тақырыбындағы материалдар құттықтаулар тақырыбындағы материалдар