Корейская косметика премиум класса

«Қайрат» — чемпион!

Алматылық «Қайрат» соңғы рет 2004 жылы чемпион атанған еді.

Алматылық "Қайрат" Премьер-лиганың 17-турында Шымкенттік "Ордабасыдан" басым түсті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 3:1 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды 35-минутта Вагнер Лав Гафуржан Сүйімбаевтың пасынан кейін соқты. Араға төрт минут салып, Нұралы Әліп пенальтиден гол соғып, есепті еселеді.

Екінші тайм бастала салысымен "Ордабасы" бірден үш ойыншысын ауыстырды. Бұл ауысымдардың пайдасын Шымкенттік команда 77-минутта көрді. Қақпашымен жеке-дара шыққан Жоао Пауло чемпионаттағы 11-голын соғып, үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады. Бірақ "Қайрат" бұл голға көп ұзамай-ақ жауап қатты. 80-минутта Ұлар Жақсыбаев өз қақпасына гол соғып алды.

Бұл ойыннан кейін "Қайрат" 44 ұпай жинап, мерзімінен бұрын чемпион атанды. Ал "Ордабасы" 27 ұпаймен үшінші орында қалды.

Айта кетейік, марапаттау рәсімі осы матчтан кейін өтті. Және бұл "Қайраттың" соңғы 16 жылдағы алғашқы чемпиондығы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×