Оқу жылының бірінші тоқсанында 2-3 млн қазақстандық оқушы сабақты қашықтан оқыды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, бірінші тоқсанда миллионнан астам бала аралас форматта оқыса, 2-3 млн оқушы сабақты қашықтан оқыды. Қашықтан оқыту формасы бойынша сегіз білім беру платформасы құрылды, оларды жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдарына енгізді», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.
Оның айтуынша, білім беру жүйесінде 2 миллионнан астам ата-ана жұмыс істеді.
«Онлайн режимде 40 миллионға жуық үй тапсырмасы мен бақылау жұмысы берілген. 2 миллионнан астам ата-ана мен 3 миллион оқушы білім беру жүйесінде жұмыс істеді», — дейді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ақбөпе
BILIM-ALL гугл парақшада,не үшін жауаптарын жазбайсыздар?Жазсаңыздаршы!Оқушыларға да көмек болсын!