Еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басқан сәттен елімізде жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылып, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Қазақстандағы мәртебесі жоғары университтердің бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ол озық үлгі мен өзіндік салт-дәстүрге бай, білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда көпжылдық тәжірибесі бар бірден-бір жоғары оқу орны. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – мемлекеттік аттестациядан алғашқылардың бірі болып өткені мәлім.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2017 жылы жариялаған болатын. Онда қазіргі жаңа технологиялар мен инновациялар заманында білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру үшін жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған білім және ғылым орындарын ашу көзделген. Блімді, көзі ашық азаматтарды қалыптастыру – бүгінгі заман талабы екені де анық. Бүгінде ҚазҰУ - еліміздегі оқу орындар жүйесінің алдыңғы қатарынан орын алатын және көшбасшы университеттердің бірі. Бұлай деп айтуымызға бірнеше себептер бар: біріншіден, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Екіншіден, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем бойынша жоғары оқу орындарының ең үздік 200 университеттің қатарына енді. Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланатын, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы заманауи университет қатарында. Келешекте ҚазҰУ республикалық, халықаралық білім беру орталығы болмақ. Үшіншіден, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары тарихында 2003 жылы Италияның Болонье қаласында университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған болатын. Бұл - Орталық Азия аймағының әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне зор мүмкіндік.
Қазіргі кезде ҚазҰУ-де 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк жұмыс істейді. Университет ұжымы 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттарынан тұрады. Бүгінде университеттің 400-ден астам серіктес жоғары оқу орындары бар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің басқа университеттерімен тығыз байланыста. Университет профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттер Үндістан, Қытай, Корея, Түркия, Египет және Еуропаның үздік деген жоғары оқу орындарында тілдік және ғылыми практикадан өтуге мүмкіндігі бар. ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойып, ынтымақтастық түзуде. Магистранттар мен докторанттарға арналған қосдипломды оқыту тәжірибесі кеңінен дамуда. Бұл – ҚазҰУ-нің студенттерінің халықаралық деңгейде оқуы мен зерттеулер жүргізуіне кенінен жол ашатыны сөзсіз. Көп жылдар бойы жүзеге асырылып жатқан ҚР БҒМ-ның «Қос дипломды білім беру» бағдарламасы білім беру бағдарламасының әлеуетін көтеруде маңызды рөл атқаруда.
Сондай-ақ, ҚазҰУ-нің «Ресей халықтар достастығы» университетімен байланыстарының болашағы зор. Бұл орайда, ҚазҰУ магистранттарының «Қос дипломды білім беру» бағдарламасы бойынша Мәскеу қаласындағы «Ресей халықтар достастығы» жоғары оқу орнына студенттерге гранттық орындар бөлініп, шәкіртақы тағайындалғанын айтқан жөн. Бұл - ҚазҰУ-нің магистранттарына жол ашуымен қатар бәсекеге қабілетті жастар қатарының көбеюіне зор ықпал ете алады. Өегелі оқу ордасы өткен жылы 85-жылдық мерейтойын және Әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтуі - XXI ғасырдағы университет дамуының жаңа сатысына көтерілуінің айғағы бола алады. Білімді де білікті мамандары бар, бүкіл әлемге танымал ЖОО-да білім алудың өзі - үлкен мәртебе.
У.М.Джолдыбаева - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Н.Рахман - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және Табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі