Өлең, жыр, ақындар

Архив саласын мамандандыру маңыздылығы

Қазіргі технократиялық ойдың басымдығы орын алып отырған  әлемде көптеген қоғамдық сала өкілдері, мемлекет пен қоғамның өткен тарих алдындағы жауапкершілігінің артуын адамзаттық құндылықтардың шарты тұрғысынан бағалауды ұсынып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған мамандықтардың біріне архивтанушы мамандығын жатқызуға болады. Қоғамдық қатынастардың өсуіне байланысты ақпараттық ресурстарға деген сұраныс күн санап өсуде. Олардың қоғамдағы және мемлекеттегі маңыздылығы архивпен  тікелей байланысты, себебі онда ретроспективті ақпараттық мәліметтер сақталған құжаттар кешені сақталады.

Елімізде архивтанушыларды дайындайтын жалғыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология, және этнология факультетінің «мұрағаттану, құжаттану, құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 2010 жылдан бері студенттер мен магистранттарды даярлауда.

Тарих, археология және этнология факультетінде болашақ архивтанушы маман даярлау үшін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді, жаңа технологиялар, әдістер, білім берудің формалары мен құралдарын әзірлеуді, қалыптасқан түрлерін жетілдіруді, біліктіліктің артуын және кәсіби шеберлікті, профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін жетілдіруді мақсат тұтады. Бұл жұмыстар факультеттің әдістемелік бюросы тарапынан үйлестіріледі. Олар өз қызметтерін жүзеге асыруда оқу үрдісін ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз етуге арналған нормативті құжаттарды, мемлекеттік білім беру стандарттарын, пәндердің типтік және типологиялық құрлымын, болашақ архивтанушылардың құралдық, тұлғааралық, жүйелі және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін үш тілде білім беру бағдарламаларының спецификациясы жасалынады.

Сонымен бірге, факультет тарапынан шетелдік тәжірбие алмастыру мақсатында  Польша, Италия, АҚШ сынды мемлекеттерінің университеттерінде білім алуға мүмкіндік туғызады. Оқу бағдарламасы жүйесіндегі  сабақтар, оқу-өңдірістік, ғылыми тәжірбиелер еліміздің ең ірі архив мекемелері болып саналатын - Қазақстан Республикасының Президент архиві, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Қазақстан Республикасының кино-фото және дыбыс жазбалар архивінде студенттер мен магистранттар теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра алады. Бірнеше жылдардан бері ТМД (Украина, Белларусия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан)  мемлекеттерінің архив саласының мамандары, университет оқытушылары мен профессорлары ұштасқан «Халықаралық жас архивистердің жазғы мектебі» атты халықаралық конференция өткізіледі. Жазғы мектепте кейінгі кездегі архив саласындағы шиеленіскен мәселелер талқыланып, жаңа тұжырымдар, идеялар  мен ұғымдардың дамуына алып келеді. Жас архивистер өздерінің білімі мен тәжірбиесімен алмасып қана қоймай, біліктілігі мен кәсіптілігін де дамытуға мүмкіндік алып, соныңда халықаралық сертификат беріледі. Сондай-ақ әр жыл сайын ҚР Президент архиві тарапынан «архивтану және іс жүргізу» бойынша қалалық студенттік олимпиада ұйымдастырылады. Оған факультеттің жас студенттері өздерінің білімдерімен ғана емес, шығармашылық қабілеттерін де көрсетеді.Олар  болашақ маман иелері ретінде  үшін жаңа ойлар мен идеяларын  ортаға ұсынып, архив саласының дамуына үлес қосады.

Қазіргі кезде Елбасы мен халық еңбекқорлығы арқасында еліміз алдыңғы қатарлы мемлкеттердің деңгейіне көтерілуде. Ата-бабаларымыздың сонау жылдардан бері ансап  келе жатқан тәуелсіздігі, әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттермен тепе-тең келуі, бұл Қазақстанның бүгінгі жетістігі. Осы мәселеге сай еліміз жеткен жетістігін асып түсетіндей, барынша бағыт бағдарлар қабылдауда. Атап өтілген  бағыт - бағдарлардың бірі мемлекет дамуында айрықша рөл ойнайтын мамандар даярлау. Архивтанушы маман ол осы бағыт бағдардын айрықша бір бөлігі болып саналады.

Нурпеисова Б.Е.  т.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің аға оқытушысы

Шәріпанова Меруерт әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз