Адам баласы уақыт өткен сайын,эволюциялық жолмен дамып келеді. Өркениет озық технологиямен өркендегені соншалықты, қазір «адамзатты болашақта не күтіп тұр?» деген сұраққа ойлана бастадым.
3-ші сынып оқушысы кезімде ұялы телефоннан алғаш рет диктофонды көріп таңқалған болатынмын. Адамның дауысы, басқа да жерлерге сол күйінде жазылатыны мен үшін ақылға сиымсыз болып көрінген.Жасымның кішіліге ме,өзімнің қараңғылығым ба ,әйтеуір ғылымның ең үздік жетістігі осы шығар деген ойда болдым. Ол уақыттан бері ғылым мен техниканың қалай дамығанына өзіміз де куәміз. Мәселен, ағылшын ғалымы -Джон Уоткинс 1900 жылы: «100 жылдан кейін бөлменің бұрышына орнатылатын шағын құрылғы арқылы нүктені басып, температураны өзгертіп отыруға болады.Реттегіш нүкте үйді жылытады немесе басқа нүктені басып суытуға болатындай мүмкіндік береді",-деген. Джон Уоткинс мұның қандай құрылғы болатынына көзін жеткізе алмаған. Бірақ,оның кондиционер екенін бірден-ақ білеміз.Жаз болсын,мейлі қыс болсын белгілі бөлменің температурасын әп сәтте өзгертуімізге болады.
Сол себептен де түрлі жаңалықтарға таң қалатындай заман емес.Менің ойымша болашақта роботтар адамдарды алмастырады.Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін ғана қайталаса,қазіргі таңда олар ойын-сауық,мақсаттарында пайдаланылды.Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады.
Мысалы,робот-журналисттер. Робот-журналистер қазірдің өзінде батыстың көптеген ірі басылымдарында жұмыс істейді. Олар, әсіресе қаржы, спорт салаларында статистикалық деректердің үлкен көлемін жедел өңдеу үшін қажет. Кейбір жағдайларда, роботтар журналистерге материалды жинауға көмектеседі және қызықты деректерді қарастырады.
Мысалы,
•Washington post бірнеше жыл бойы Heliograf атты жазу роботын қолданып келеді. Осы уақытқа дейін робот мыңдаған мақала жазған.
•Жақында Қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды. Виртуал жүргізушінің дебюті Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша дүниежүзілік конференцияда өтті.
Жалпы роботтарды пайдалану журналистикаға үлкен көмек. Алайда робот-журналист тез және көлемді жаза алғанымен терең әрі жүйелі талдау жасай алмайды, материалдардың сапасы төмендеуі мүмкін деп ойлаймын,және роботтың көмегімен жазылған мақаланың рейтингі әлдеқайда төмен. Сол себептен де оқырмандар ,робот-журналисттер жазған мақаланы оқиды деп ойламаймын. Мүмкін, оқырман роботқа айналса ғана аудитория оларға сенетін шығар деген ой келеді.
Медиктерді үйрететін роботтар.
Роботтардың қажеттілігі медицина саласынада да айқын көріне бастады. Көптеген дәрігерлер робот түріндегі науқастар арқылы арнайы жаттығулар жасайды екен. Себебі,кейбір медициналық роботтардың бойы да, жүзі де кәдімгі адаға ұқсайды.
Полицияны жаттықтыратын роботтар.
Полиция жаттығу кезінде бұндай роботтарға оқ ата алады. Сол себепті, құрышпен қапталған бұл роботтар нағыз қару қолданылатын жаттығу кезінде нақты нысан ретінде пайдаланылады.
Сол себепті де, цифрлық дәуірдегі енген өзгерістер адам баласының ақылына сыймайтын дүниелерден бастап, таңғажайып жаңалықтарға жол ашуы ықтимал.
Оралбекова Дильназ Дауренқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі