Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – негізгі орта-9 сынып, жалпы орта-11 сыныпты құрайды.
Еліміздегі білім беру бағдарламасының артықшылықтары:
1) Білімнің қолжетімділігі: Мектептердің басым бөлігі — білім беру ұйымдарының 98,6%-ы мемлекеттік.
Бұл мектепке бару мүмкіндігі кең екенін көрсетеді. Қазақстанда жалпы білім алу міндетті және тегін (орта білім деңгейіне дейін).
2) Қала мен аудан бойынша даму.
Қалаларда мектеп саны артып келеді: мысалы, соңғы 10 жылда қаладағы мектептер саны 1 891-ден 2 427-ге дейін көбейген.
Бұл урбанизацияланған жерлерде білім инфрақұрылымы күшейіп жатқанын көрсетеді.
1) Аймақтар арасындағы теңсіздік.
Ауылдық және қалалық мектептер арасындағы инфрақұрылым, ресурстар мен оқыту жағдайы айырмашылығы үлкен.
Мысалы, ауылдық шағын мектептерде бір мұғалім әртүрлі сыныптарды оқытуы мүмкін деген мәселелер айтылған.
Орын тапшылығы мәселесі бар: 2023-2024 оқу жылында мектептерде оқушы саны шамамен 3,9 млн болған.
2026 жылға қарай оқушы саны 4,3 млн-ға дейін өседі деп болжануда, сондықтан орын тапшылығы күшейеді деген болжамды растайды.
2) Білім беру сапасының айырмашылығы.
Тек белгілі бір элиталық мектептер (мысалы, «лицейлер», арнайы мектептер) ресурстар жағынан артықшылықта,
ал қалған мектептерде сапа мәселелері бар делінген. Базалық білімді беру қарастырылғанмен,
оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты жағдайлар қарастырылмайды.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай күрделі: мысалы, мүгедектігі бар оқушылардың білім алуы әлі де қиындықтармен бетпе-бет.
Яғни барлық оқушылар үшін тең мүмкіндік қамтамасыз етілмеген.
Салыстырмалы түрде шет ел мемлекеттерінің білім беру жүйелерімен таныс болсақ:
1) АҚШ – еркіндік пен таңдау мүмкіндігі жоғары жүйе.
Мектептер жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді (әр штаттың өз заңы мен стандарты бар).
Оқушылар пәндерді өз қалауы бойынша таңдай алады (әсіресе жоғары сыныптарда).
Homeschooling (үйде оқыту) АҚШ-та ерекше дамыған білім беру формаларының бірі.
Қазір (2024 жылғы деректер бойынша) АҚШ-та шамамен 3,1–3,7 миллион бала үйде оқиды — бұл жалпы оқушылардың шамамен 6–7%-ы.
Икемді оқу кестесі – бала өз қарқынымен оқиды, сабақ уақыты ата-анамен белгіленеді.
Жеке тәсіл – бағдарлама баланың қабілетіне, қызығушылығына қарай бейімделеді.
Отбасылық құндылықтарды сақтау – ата-аналар баланың тәрбиелік ортасын өздері қалыптастырады.
Қауіпсіз орта – мектептегі буллинг, қысым немесе әлеуметтік қауіп азаяды.
Жоғары оқу нәтижелері – Homeschool оқушыларының SAT/ACT емтихандарындағы көрсеткіштері орташа деңгейден жоғары.
2) Финляндия – ең үздік білім жүйелерінің бірі.
Баға қою қысымсыз, 1–6 сыныптарда оқушыларға баға қойылмайды, басты назар — баланың даму процесіне қойылады.
Үй тапсырмасы аз, сабақ уақыты қысқа. Барлық балалар тең: жеке мектептер жоқ, барлығы мемлекет есебінен оқиды.
Негізгі қағида: “Бәсекелестік емес, ынтымақтастық”.
3) Германия – көпсатылы және кәсіпке бейім жүйе.
Бастауыштан кейін оқушылар қабілетіне қарай бөлінеді:
Hauptschule – қарапайым бағыт,
Realschule – орта деңгей,
Gymnasium – жоғары білімге бағытталған.
Ерте жастан кәсіптік бағдар беру жүзеге асырылады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абилгазим Альбина
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі