Қазіргі қоғамдағы адамдардың көзқарастары бұл тақырыпқа байланысты екі түрге бөлінеді. Біріншілеріне, кітап оқуды ескірген және керекті кез-келген ақпаратты интернет желісі арқылы алуға болады деп санайтындар жатады. Екінші түрге жататын адамдар мүлдем қарама-қарсы пікірге ие. Олардың пікірінше, кітап - бұл үлкен білімге қол жеткізуге мүмкүндік беретін ақпарат жолы және оны ешбір виртуалды желі алмастыра алмайды.
Кітаптарды оқудың шынындада көптеген себептері бар. Негізінен бұл алуан түрлі ақпараттар алу, демалу және ой-өрісті кеңейтуі үшін. Қазіргі таңда кітап оқудың, сонымен қатар бір пайдасы, ол өмірде көп кездесетін стресстік жағдайлармен күресуі. Ұлы жазушы Уильям Стайрон айтқандай: «Кітап оқый отыра, сен бірнеше өмір сүресің», және оқу барысында бізді басқа әлемдерге, дәуірлерге алып кеттіп, проблемалар мен уайымдардан алшақтаймыз. Менің ойымша, кітап бұл өмір бұлағы, деп сенімді түрде айтуға болады. Себебі, дәл кітаптан біз өзіміздің жанымызды қыйнайтын сұрақтарымызға жиі жауап іздейміз.
Егер сізге «Неге кітап оқуы керек?», деген қарапайым сұрақ қойылса, не деп жауап берер едіңіз? Шындығында, бұл сұрақтың жауабы өте қарапайым - ақылды, білімді және табысты болу үшін. Әрине, мұны бәрі біледі, бірақ іс жүзінде кітапі тек бірнеше ғана адам қолына алады. Біз бала кезімізден бұл белсенділіктің өте пайдалы екенін білеміз, бірақ соңғы уақыттарда бұл мәселені қайта-қайта көтеруге тура келеді.
Сонымен, кітап оқуға көңіл бөлу керек пе? Жауабы міндетті түрде керек. Кітаптар біздің миымызды әлемде болып жатқан келеңсіз оқиғалармен бітелмей, «таза» қалдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар сізді ойландырады, талдауға және болжауға итереді. Бұл қасиеттер өмірлік уайымдарды жеңу мен тіпті қиын мәселелердің шешімін табу үшін маңызды болып келеді.
Өкінішке орай, адамдар өте қызық жандар, себебі бұған дейін кітапханалардағы сөрелер бос болып, кітаптар тапшы болған кезде оларды іздеп, күні бойы көздерін алмай оқыйтын. Ал, қазіргі таңда сіз кез-келген кітапты оңай сатып ала аласыз немесе интернеттен желісінен екі минут ішінде ешбір қыйындықсыз жүктей аламыз, бірақ ендігі бұған қызығушылық танытатындар өте аз.
Қорытындылай келе, кітаптарды оқу интеллект, шығармашылық ойлау және сіздің жеке тұлғаңыздың рухани жағын дамыту үшін қажет деп айта аламын.
Қуттыбек Жанель Серікболқызы КазХҚжӘТУ университетінің 2-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі