Өлең, жыр, ақындар

Қашықтықтан оқыту - білім берудің керемет түрі

Қашықтықтан оқу пандемияға пайда болып, карантин жағдайларына байланысты барша халыққа таныс ситуация.Дегенменде қаштықтықта оқу жайлы сіз не білесіз?

Қашықтықтан білім берудің пайда болу тарихы 1700 жылдардан басталды. 1728 жылы Калеб Филипс Бостон газетіне хат алмасу арқылы елдің кез-келген жерінде стенографияны үйрену үшін студенттерді қабылдау туралы хабарландыру жіберді. Бұл қашықтықтан білім берудің бастауы болды.

Исаак Питман қашықтықтан білім беруді дамытуға үлкен үлес қосты. 1840 жылы ол өзінің сабақтарымен хат жібергісі келетіндердің барлығына хат жіберді. 1856 жылы Берлинде сырттай білім беру институтын құрған ч.Тусен және Г. Ланченштейн болды. Оқыту Оқу материалдары, бақылау жұмыстары және т. б. бар хаттарды жіберу арқылы жүргізілді.

1873 жылы АҚШ-та алғашқы сырттай мектептер құрылды. Анна Элиот Тикнор әйелдерге арналған Тикнор қоғамын алғаш рет негіздеді деп санайды, студенттер пошта арқылы қашықтықтан оқыды. Бір жылдан кейін, 1874 жылы Исаак Питман өзінің оқу бағдарламасын пошта арқылы құруды ұсынды.

Көп ұзамай, 1892 жылы Чикаго университеті алғашқы қашықтықтан оқыту бағдарламасын құрды, осылайша АҚШ-тың алғашқы қашықтықтан оқыту мекемесі болды. 1899 жылдан бастап Канадада Корольдік университет студенттерге қашықтықтан білім бере бастады.

1906 жылы Балтимордағы Калверт бастауыш мектептері қашықтықтан оқытуды бастады.

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:

Қашықтықтан оқыту студенттердің энергиясы мен уақытын үнемдейді және бұл шынымен өте тиімді. Бұл студенттерге тыныштықта сабаққа зер салуға және тіпті «сабаққа уақытында жету керек!» деген ойлардан аулақ болуға мүмкіндік береді, осылайша олар біраз болсын мазасыздық пен стресстен арылады.Қашықтықтан білім алудың тағы бір маңызды артықшылығы болып табылатын мүмкіндік  студенттерге өз қарқынымен оқуға және тығыз жұмыс кестесіне сәйкес келтіруге болады әрі берілген үй жұмысын кез-келген уақытта орындауға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту студенттерге жартылай және толық уақытты жұмысты жалғастыруға және сертификат, диплом немесе ғылыми дәреже алу кезінде басқа міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.

Әлбетте, тиынның да екі жағы болады.Сол сиақты, қашықтықтан оқудың да кемшіліктері болады.Мысалы:

1) Мотивацияның болмауы

Оқу орнына бармау тиімді болғанымен, студент немесе оқушы өзінің жолдастарымен байланысқа шығуы қиындық туғызуы мүмкін.Сонымен қатар, мұғалімдерге де оларды ынталандыру екі есе қиынға түсті деп ойлаймын.

2) Ғаламтормен қиыншылық

Ғаламторы үйінде ие бола алмаған адамдарға ғаламтор бар белгілі бір жерге бару қиындық туғызады.

Қашықтықтан оқыту студенттерге ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік бермейді. Қашықтықтан оқыту курстарының студенттері профессорлармен және басқа студенттермен ауызша қарым-қатынас тәжірибесін алмайды.

Осы жәйттардың барлығын ескере отырып, «Бөбек» гимназия мектебінің «Физика» мұғалімі  Тұрысбек Заңғармен қысқаша интервью алдым:

-Мұғалім болудың жақсы жақтары мен жаман жақтарын атап өтсеңіз.

-Жаксы жақтары:

1) Қоғамға пайдалы жұмыс

2) Әрқашанда жаңа білім алуға болады.Орыстарда «век живи, век учись» дейді ғой. Әр жыл сайын өзіңе беймәлім жаңалықты ашуға болады.

3) Өзіңнің жұмысыңды шын жүрекпен, шығармашылық қосып жасауға болады

Әрине,жасырмаймын, оның жаман жактары да бар.Мысалы:

1) Мұғалімның қоғамдағы дәрежесі сәл қынжылтады

2) Жалақы;

3) Көп қағазбен жұмыс істеу де энергияны алады.

- Қазақстандағы қашықтықтан оқу жайлы не айта аласыз?.Оны жақсартуға мүмкіндік бар ма және қандай тәсілмен жақсартуға болады деп ойлайсыз?.

- Қашықтықтан оқытуды Қазақстанда міндетті түрде дамыту керек,неге десеңіз, бұл біздің білім беру жүйесіне көп пайда әкеледі,ал оны жақсарту үшін,алдымен платформаларды дамыту, сосын интернет және компьютермен қамту мәселелерін қамту қажет.

- Қашықтықтан оқуға жеңіл болу үшін оқушыларға қандай лайфхактар айтар едіңіз?

- Біріншіден конспект схемаларын қарастыру,себебі көптеген оқушылар қарапайым конспект тәсілдерін білмейді.Және міндетті түрде күн тәртібін ауыстыру керек.

- Қашықтықтан білім беру әлде оффлайн түрде?Неліктен?

- Менің ойымша, аралас білім беру ең тиімді әрі жемісін мол беретін тәрізді.Себебі, кейбір тақырыптарды тікелей байланыс арқылы өткізбесек, оны толықтай түсіну қиынға түседі. Мысалы, «физика» пәнінде кей затты көзбен көру үшін практика жүзінде көрсетіліп, көптеген эксперименттер өткізіледі. Ал экспериментті кішкентай балалар жалғыз өткізе алмайды,себебі балалрдың қауіпсіздігі бірінші кезекте.

Мақаланы жазған Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетінің «1» курс студенті Күлімханқызы Айым.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз