Өлең, жыр, ақындар

Медицина қашан дамымақ?

Қазакстанда медицина қашан дамымақ?

Қарапайым халық ретінде біз ауырғанда немесе қатерлі ісік ауруына шалдыққанда міндетті түрде отандық дәрігерлерге жүгінеміз.

Біз оларға жәй ғана дәрі жазып беріңіз деп емес,емдеуге көмектесіңіз деп барамыз . Дегенмен кей кезде үмітіміз ақталмауда. Естіп,оқып жатқандарыңыздай жаңалықтарда түрлі ақпараттар шығуда.Дәрігерлердің қателігінен қаза тапқан адамдар баршылық. Мәселен, 2018 жылдың қазанында көп балалы ана дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болған еді. Және осы жөнінде алғашқы сот 2020 жылы өткізілді.Сот шешімі бойынша 63 жастағы дәрігер-хирург 2 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.Тіпті осы жағдайға қарап Қазақстанның медицинасы әлі толық дамамағынын көреміз.

Қазіргі таңда интернет желісінде көптеген сәбилеріміз әр түрлі аурумен ауырып жатқандығын көрудеміз. Олардың емделуіне қаншама қаражат керектігін де жақсы білеміз. Тек олар Қазақстаннан емес басқа мемлекетке барып,сол мемлекеттің медицинасына жүгінуге мұқтаж.

Мәселен, интернет желісінде қазақ қызымыз,3 баланың анасы 

Қатерлі ең соңғы  ісік ауруына шалдығып,мемлекетіміздің медицинасына жүгінген болатын.Бірақ олардан еш көмек көрсете алмаймыз,бұл ауруды емдейтін арнайы дәрігеріміз жоқ ,тек дәрі жазып берейік деген жауапты ғана естейді. Амалдың жоғынан осы қызымыз шет елдің медицинасына жүгініп отыр және еміне кем дегенде 25млн қаражат қажет екен.

Осы қыздың оқиғасын оқып қатты қынжылдым. Соншалықты еліміздің медицинасы төмен бе? Қазақ халқымыз емделу үшін міндетті түрде шет елдің медицинасына жүгіну керек пе? Қашан медицина саласы елімізде дамымақ?

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және әлем тілдері университеті

ФММК факультетінің студенті ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ АРУЖАН


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Жанерке

дұрыс

Жанерке

дуррысс

Куралай

Оте озекты такирип

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз