Өлең, жыр, ақындар

Бар әлемнің бастауы - ана!

Бар әлемнің бастауы-ана. Ана үш-ақ әріптен құралған , айтылуы оңай осы бір сөздің ұлы мағына екені бәрімізге мәлім. Дегенмен бұл сөздің қадір-қасиетін білетіндер аз. Ананың қадірін әр адам әр алуан жағдайларда түсінеді. Ана мен бала арасындағы махаббат ең асыл сезім. Ал менің анама деген бала махаббатым 16 жылдық ғұмырымның ішіндегі ерекше артқан тұсы дәл осы жасымда. Мүмкін , осы уақытқа дейін бұл сөздің қандай мағына екендігіне жіті мән бермеген болармын.Кей адамдар анасын жоғалтқаннан кейін барып өзегін өкініш кернеп өкініп жатады. Дегенмен Аллаға сансыз шүкіршілік анам қасымда болған сәтте оның қадірін біле алғаным үшін.Әр пенденің өміріндегі Алладан кейінгі мейірбаны, қамқоршысы ол - ана! 

Менің анам - менің ең асыл байлығым. Ана үшін баланың биік белес бағындырып, абыройлы болуы үлкен мақтаныш. Анамның маған көрсеткен қамқорлығының бірін тілге тиек етер болсам ол мына бір кез. Бір күні түскі уақытта сабақ қарап отырдым. Дегенмен ойым шашырап , ұйқы қысып отырды. Азғырушы күштерде "ұйқта , кейін оқисың" деген азғын ойларды салды. Сол сәтте анам бөлмеме кіріп келді, қолында тәттілері бар маған әкелген болатын.Мен кішкентай балаша қуанып, анамды құшақтап алғыс айттым. Сондай жағымды ыстық сәт! Анамның маған деген сенімін, махаббатын көргеннен кейін өзіме "Гүлбаршын, сен не үшін оқымауың керек?! Сен оқысын деп жағдай жасап отырған ата-анаң бар. Осы жандардың разылығын алып, үмітін ақтау үшін оқы!"деп өз-өзімді қайрап, жігерлендірдім. Сол сәтте маған жалқаулыққа жол бермеу керектігін түсіндім. 

Әр адам үшін әлемнің қай бұрышында болсақ да біз үшін жан-тәнімен аман-сау жүруімізді тілеп , шынайы жақсы көретін жалғыз адам - АТА-АНАМЫЗ. Қос байлығымыз қасымызда жүрген сәтте тым құрығанда жылы сөзбен қуантпасақ , кейін өкінгеннен мүлде пайда болмасы анық! 

Бердіқан Гүлбаршын


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер