Ана деген сөзден ақ ең бірінші ойымызға анамыз ойымызға түседі. Анаға деген құрмет бала кезімізден үйретеді. Ананың жылулығы әр қашанда жүректе. Сондықтан анаған деген кұрметті бірінші орынға қояар едім. Бұлай айтқаным дұрыс деп есептеймін. Қәзіргі қоғамда көптеген балалар анасын сыйлаудан қалған. Себебі:ата-анасына деген кұрметі қалған. Бұның бәрі айналасындағы араласатын адамдарынынан. Бала ананың жүрек еті, әкенің білек еті деп бекер айтпаған. Әрқашанда ананың орны балаға ерекше.
Ана өмірдің шуақ нұры. Ана әрқашанда ауырсада, балаларына білдірмейді. Әрқашанда жетістігімізбен мақтанып жүреді. Анамыздың жадырап күлген жүзінкөргеннің өзі біз үшінде бақыт. Бала мен ананың жүрегі әрдайым бірге. Ана қайсар, төзімді, ақылды ең адал дос десекте болады. Өмірде анамахаббатынан басқа нәрсе жоқ. Ана баласын жанымен де, қанымен де сүйеді. Баламен ананың жүрегі әрдайым бірге. Тіпті сен жүзде болсаңда сен анаң үшін перзентсің. Анаға деген махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әкеміздің қабағын бағып, үйдің жылулығын беріп отырған ананың орны бөлек. Ананың мейрімділігіне шек жоқ. Баласы қателік жасасада, анасы әрдайым баласын жақсы жағынан қолдауға өз үлесін қосады. Өйткені ана өз баласын жақсы көреді. Жер бетіндегі ең әдемі сөз ол ана!Ана ең аяулы жан. «Ат биеден туады, алып анадан туады» деп бекер айтпаған. Ана барлық өмірдің бастауы. Қаламы қарымды жазушы да, данышпан ғалым да, сөзге жүйрік шешен де, ел басқарған елбасы да, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, анадан нәр алып өседі. Бізге жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа да аздық етеді. Меккеге жеті рет арқалап апарғанның өзінде қарызын өтей алмассың. Себебі ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайыма кірсін дейтін анадан басқа адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол - ана. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Расында Анаң бар кезде, қай жаста болсаң да ол үшін сәби болып қала береді екенсің… Барлығымыз аналарымыздың алдында жас сәбидей еркелейміз. Аналарымызды барында бағалап, бізді қалай аялап өсірсе, дәл солай оларды күтіп, қарау - біздің алдымыздағы ең үлкен парыз. Төлеген Айбергенов жырлағандай:
«Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы».
Аманғалиев Рамазан
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі