Бүгінгі күн заманның дамыған кезі. Технологияның өркендеп, кең қанат жайып тұрған тұсында, ендігі өмірді бұларсыз елестету мүмкін емес дер едім. Әрине, тіпті жаңа туылған шақалақты да технологияның көзімен арнайы жәшіктерге тастап кетуге болады. «Өз балаңа өмір сүруге мүмкіндік бер» - дейді-міс. Қайдан, балаңды тастап кетсең, өз мүмкіндігіңнен айырылып қалғанмен тең емес пе?! Қалаайша ғана бауыр етің балаңды қиып тастап кетуге болады? Саған Құдай бұдан кейін періште, бақыт сыйларына кім кепіл?
Тағы да айтсақ, батыстан келген үрдіс делік. Біздің сүйегімізге сіңіп қалған қағида! Бізге ұсынып отырған да жоғарғы жақ. Онымен қоймай, халыққа, нақтырақ айтсақ, тас жүрек, без бүйрек, көкек аналардың қамын ойлап істеп отырған іс сияқты. Жәшікпен балалардың денсаулығын сақтап қалуға болар, бірақ өмірінің күл талқаны шығатынын неге ойламайды? Кішкентай ғана сәбиді жан түршігерлік жағдайда құдықтан, қоқыс арасынан тағы да сондай адам аяғы баспайтын жерге тастағаннан, жәшікке тастап кеткені жөн ба дерсің?! Бірақ, бэйби бокс бар екен деп, тастандылардың саны артып кетсе не болмақ?
Тарихына үңілсек, жәшіктің яғни, тастанды жәшікті ойлап тапқан Рим папасы Инноконтий 3. 1198 жылы заманнның бұлыңғыр кезеңінде, қазіргі бей-жай уақытта емес, қиындық көрген аналар Тибр өзеніне сәбилерін ағызып жіберген екен. Өзен жағасынан өлі сәбилерді көрген Рим папасы жаны ашығандықтан, храм қабылғаларына жәшік қойдырған. Ал, біздікілер жаны ашып қойды ма екен, өз қамын ойлап қойды ма екен?! Халық бұндай жағдайды көргендіктен, бір шара қолдансын деген ниеттен туындағандықтан немесе қазақ халқының ұрпағын алалау мақсатында жасалған іс!
Тастанды балалардың өмірі не болмақ? Тектілік қайда қалады? Бұл сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Бәрімізге мәлім тастандыны балалар үйіне тапсырады. Сонымен әңгіме бітті! Бірақ, без бүйректерге не шара қолданады? Жәшікке тастарда, айналасында ешқандай камера болмайды. Жеке басына қатысты ешбір мәлімет сақталмайды дейді. Керісінше, сол тұрған жерінде ұстап алып, жауапқа тарту керек. Неге асырай алмаса дүниеге әкеледі? Өмір сыйлады ма, бағу керек! Оданша, «түсік» жасай салғаны дұрыс емес пе? Кейін қайтып өз тегін білмей өмір сүреді? «Еркек – ұрпақ тәрбиелейді, Әйел – ұлтты тәрбиелейді» деген нақыл сөздің астарында қаншама мағына жатыр? Және толықтай келісемін. Шешім – біреу! Ұрпақ тәрбиесі ғана емес, ұлт тәрбиесіне де мән беру қажет. Қызға қырық үйден тиым салу керек. Қыз ұлттың болашағы, ата-анасының намысы, ертеңгі қаһармандардың тірегі ретінде қөзқарас қалыптастыру шарт! Бүнінгі жаймашуақ кезеңде ұсақ-түйек мәселелермен ұлтымыздың алалануына жол бермейміз. Бэйби бокс емес, бала қоқыс болатын жағдайдан аман болайық!
Нұртайқызы Г. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану мамандығының студенті www.kaznu.kz аға оқытушы У.А. Тунгатова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі