Оқу жылы басталғалы қанша оқушы коронавируспен ауырды

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Оқу жылы басталғалы қанша оқушы коронавируспен ауырды

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектеп оқушылары арасындағы коронавирус жұқтыру статистикасын жариялады.

«Оқу жылы басталған сәттен бері 7 571 оқушы коронавируспен ауырды. Оның ішінде 2158 оқушы – оффлайн режимде, 5413 – онлайн режимде білім алған. Үшінші тоқсанда 3 597 оқушы ауырып қалды. Оның ішінде 1111 – оффлайн, 2486 бала – онлайн режимде оқитындар», – деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына берген жауабында.

Бұған дейін Айжан Есмағамбетова 2022 жылға дейін маска тағу қажеттігін айтқан еді.



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас материалдар