Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ өкпесі» мақаласының айшықты мәні

Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.

Сәкен Сейфуллин

Біссімілләмен басталар сөздің басы деп жырлаған екен бір ақын. Мен ақын емеспін. Қарапайым студентпін. Мен де өз сөзімді біссімілләмен бастап, ары қарай Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ өкпесі» мақаласының айшықты мәні туралы жалғағым келеді.

“Қазақ өкпесі” мақаласында тарихи мәселелерге объективті, ғылыми тұрғыдан қарайтындығы көрінеді, қазақ хандығы неліктен құлады, өз алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың негізгі жағдайлары деген проблемалардың жауабы айтылады. “Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» - дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қояды.

Мақаланың бас жағында «Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, жоқ па - соны жазбақпын» - дейді. Жер қазыналық болды деп өкпелеу білместіктен дейді. Егерде жер қазыналық болмаса қазақта естектің кебін киетін еді. «Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес» - дейді. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады дегендей. Қатты айтсада шындықты айтқан. Жеріңе келіп мұжық қоныстансада, басқа болсада өзіңнен көр. Әркімге кінә тақпаңдар, амалдарды түзеңдер деген. Ғылым мен өнердің ең маңызды екенін жеткізгісі келген. Осы мақала арқылы көп қазақтың көзі ашылып, санасы оянғаны шүбәсіз. Мақаланың мақсаты да, мәні де осы деп ойлаймын.

Жақыпбеков Олжас Айдынұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз