Отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті мәселелерді өткір көтерген алғашқы журнал «Айқап» газеті болса, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымының бірі «Қазақ» газеті болған еді.Дегенмен, мақсатқа жету жолдарының әртүрлі болып сай келмеуінен болар, кейбір мәселелерде пікір алалығы кездеспей қалып жатқан деседі. Бірақ, бұл мақсаттың бөтен болғандығынан емес, бағыттың айқын болуынан деп білемін. Бір атап өтерлігі, қанша талас-тартыс болуына қарамастан, екі басылымда бірінің сөзін екіншісі қайталап, біріне- бірі демеу болғандығын айтып кетпеске болмас. Бұл қасиеттерден қолдау білдіргендердің, ұлтқа деген, мақсатқа деген биік қадамдарын байқап, танығандай боласыз.
Қазақ баспа ісінің дамуына атап айтарлық өз үлестерін қосып, ұлттық рухты ояту жолында барынша еңбек еткен, сол кездегі халықтың жанашыры болған бұл қос басылымның арасында туындаған кикілжің мен көзқарастарының бірікпеуіне не себеп болды?!
Бұндағы ең басты себеп: « Айқап» журналы Көшпеліліктен бас тартып, өнер білімге, отырықшылыққа көшіп, егін егіп, саудамен айналысқанын қаласа, «Қазақ» газеті отырықшылыққа бейімделіп, Ресейдің қитұрқы әрекетін орындағандай болып, ата-бабадан қалған ата кәсіпті, отырықшылықпен алмастыруды қаламады. Екі басылымда өз ұстанымын алға тартып, дәл осылай «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы кереғар пікірлер, қарама- қайшылықтар орын алды. Онымен қоса, айта кетерлік олардың бас қосу және әліпби таңдауға келгенде де пікірлері бір- біріне қарсы келді. Бұл жайында екі басылымның арасындағы айтыс-тартыс неден ушыға түскенін көрсеткен «Қазақ» газетінде мынадай бір мәлімет жарияланған: «Қазақ» та, «Айқап» та өз бетімен келе жатқан кезде сәтсіз күні басталған басқосу мәселесі шыға келді.», - деп жазады ол жөнінде М.Дулатов апталықтың 1914 жылғы 51-нөмерінде жарық көрген «Айқап» журналы» деген мақаласында.
«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталас патша əкімшілігі тарапынан таңылған көшпелі жəне отырықшы нормаға қатысты туындағанын көреміз. Екі басылымның да ойлаған мақсаттары бір болды. Ол қайткенде де қазақ жерін отаршыл күштің қолжаулығына айналудан қорғап қалу мұраты болатын. Бірақ, оған жетуде екі жолды таңдапты.
Тоқанова Аяужан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі