Өлең, жыр, ақындар

«Медиа-мәдениет және «Сандық Қазақстан» моделі: қазіргі заман келбетіндегі болашақ»

Мәдениет – адамзат айнасының әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат пен ақыл-ой, әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге, мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдени өнімдерді тарату, көбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және өзара іс-әрекет принциптері  ғылыми техникалық қайта құрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады. Соған орай, бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптың бірі – медиа-мәдениет және «Сандық Қазақстан» жобасы болып табылады.

 

Медиа-мәдениеттің кең етек жаюның басты себебі ақпараттандыру мен компьютендерлендіруге байланысты. Жалпы, мұндай сандық технологиялар көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Мысалы, үкімет ұсынған қызметтерге халық еркін қол жеткізеді, ақпарат алмасу жылдамдығы артты, жаңа бизнес бағыттарын қалыптастырып, жаңа сандық өнімді құрастыруға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, еліміздегі ауқымды бағдарламалардың бірі – «Сандық Қазақстан» жобасы. Оның басты мақсаты – халықтың тұрмысындағы сандық экожүйенің даму үрдісін жеделдету арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

«Сандық Қазақстан» моделін жандандыру төрт бағыт бойынша жүзеге асады:

 

  1. «Сандық Жібек жолын» жасақтау қолжетімді, жылдам әрі қорғанысы мықты сандық инфрақұрылымдық жетілдіруге бағытталады.
  2. «Жасампаз қоғамды» қалыптастыру арқылы цифрлы экономиканың дағдыларын дамытып, халықтың сандық сауаттылығын ашуға мүмкіндік туады.
  3. «Сандық жаңғыру» бағыты экономиканың әр саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында сандық технологиялардың қолдану бойынша жұмыс істейді.
  4. «Белсенді сандық үкімет» электронды және мобильді жүйенің жетілуін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызметті жолын жеңілдетуді қарастырады.

«Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттің стратегиялық міндеттері мен қызметтері айқын. Ең алдымен, еліміз үшін өзекті әрі маңызды істердің шешімін табу – негізгі міндеттердің бірі. Ал соның ішінде, мемлекеттің басқару тиімділігін өсіру, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, білім деңгейін жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру сынды мәселелердің шешімін қарастыру жүктелді.

 

Менің ойымша, ақпараттық технологиялар экономикаға көптеген жаңашылдықтар әкеледі. Ақпараттық технологиялар арқылы бизнесті жүргізу жеңілдей түседі. Олар халықаралық келіссөздердегі шығын көлемін азайтады деп ойлаймын. Сонымен қатар, олардың көмегімен жаһандық көлемде тұтас нарық қалыптасып, тұтынушылар қоғамы құрылады. Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Оның айтылуы мен аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында да жатыр. Қазіргі медиа-мәдениетті де жаһандану үрдісіне қоссам қателеспеспін. Бірақ, осы тұста бір сұрақ тууы мүмкін, ол – жаһандану заманында біз еліміз бен тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Шынында, бүгінде Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Осы орайда біз ол мәдениеттен нені алуымыз, нені алмауымыз қажет екенін ескеруіміз жөн. Мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан, екіншісі – ғылыми- техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Әрине, біз бұл жерден Батыстың ғылыми-техникалық дамуынан келіп шыққан мәдениетін алуымызға болады. Ал бұл ғасырда әр қазақ жасы мультимедияның құлағында озық ойнап, оның қыр-сырын білуі тиіс деп ойлаймын. Себебі, мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.

 

Жалпы мәдениетті зерттейтін ғылым – мәдениеттану ғылымы. Ал мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтсе, артық болмас деп ойлаймын. Ол – белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі қажетті ғылым саласы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті қателеспеспін. Менің айтарым, мәдениеттану – ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.

 

Қорытындылай келе, «Сандық Қазақстан» жобасы – қазіргі ғасырдың даму үрдісіне сәйкес қызмет етуді көздейтін бағдарлама дегім келеді. Ал медиа-мәдениет – бұл еліміздің және бүкіл әлемнің жарқын болашағының бейнесі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз