Қазақ тарихында ислам дініне дейін қазақ халқының сенімі шаманизмдік болса, ислам дінінен кейін де оның сарқыншақтары дәстүрмен біте қайнасып кетті. (Мысалы, келін түскенде отқа маю тамызу (отқа табыну), аруаққа сыйыну, малдың киесі бар деп ұғу т.б.) Сонымен қатар, қазақ әдебиетінде де шаманизмнің әсері зор болды. Оған бақсы сарыны, бәдік айтыс, аруақпен сөйлесу, жылан арбау т.б. жатқыза аламыз.
С.Мұқанов «бәдік» ұғымы туралы : «Шаман дініні қолданып жүрген кезіндегі қазақ халқының ұғымында «бәдік» - малға, адамға тиетін індет ауруының иесі - құдайы», - деп көрсетеді. Шаман дінінде осы ауру емдеу бақсыға тапсырылады. Бақсы кейде жалғыз адамды қабылдаса, кейде жалпы көпшілікті емдеген. Бақсы халықты жинап, кешке жақын түндікті, есікті жапқызып, қобыз тартып зарлы сарынмен сарнайды екен. Мұның мақсаты аруақтарды жәрдемге шақыру болса керек. Сарнап жүріп бақсы орнынан түрегелеп, неше түрлі қимылдар жасайды. Ойына келгеннің бәрін жасап, талып қалады екен. Талып қалуының мақсатын С.Мұқанов: «бақсының ұғымынша ол кезде адам жаны (бақсы) мен тәңірінің жаны бірлеседі де, құдай аурумен алысып жеңеді, бұл алысу бақсы талықсып жатқанда болады». Бақсы есін жиса, жақсылық құдайының жамандықты жеңуі делінеді. Яғни дуализм көрініс табады (Дуализмнің арғы тегі жақсылық (Ахура Мазда) пен жамандық (Агра Маинйү) тартысы).
«Бәдік» те осы шаман дінінің салдарынан пайда болған. Шаман дінін де «көшіру» деген дәстүр бәдікте де бар. Тек мағыналық жағынан өзгерген алғашқыда адам кеселін ғана емес, мал індетін емдеуде - өлеңмен емдеген, яғни, «ауруды қуу» терминімен сабақтасса, кейін ойындық мазмұн берген.
Бәдік төмендегідей басталады да:
Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті,
Қара мақпал тоным бар барша әдіпті
От оттамай, су ішпей жата берсе,
Бәдік емес немене бір кәдікті.
Көш, көш, көш!... , -
деп басталады да, жігіт пен қыздың әзіл айтысына ұласады. Мысалы,
Жігіт:
Жемір бәдік дегенге, жемір бәдік,
Қу қыздардың шекесін кемір бәдік,
Семіз қыздың ішіне кіріп кетіп,
Бүйрек майын же дағы семір бәдік.
Қыз:
Бәдік кетіп барады мекесіне,
Ешкі арығын білдірмес текесіне.
Онан көшер жайыңды мен айтайын,
Бар да жабыс жігіттің шекесіне
Осы сияқты «бәдік» айтысы күлдіргі, әзіл-қалжың мәніне ұласады. Жалпы, «бәдік» айтысының нақты қай заманда туғаны белгісіз. Әр заманда мағыналық жағынан өзгеріп отырған. Қазіргі таңда да, ғаламтор желісінде пандемияға байланысты бәдіктер кездеседі.
Данат Жанатаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент
Фариза Дуйсенбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі