Өлең, жыр, ақындар

Facebook AR көзілдірігін басқаруға арналған гаджет жасап жатыр

Facebook корпорациясы өзінің AR көзілдірігін басқаруға арналған білезік жасап жатыр. Ол жүйке импульстары мен қол қимылдарына жауап береді. Компания бұл көзілдірікті осы жылы шығарады деп Reuters агенттігі мәлімдеді.

AR білезігі саусақты қимылдату арқылы виртуалды функцияларды іске асыруға мүмкіндік береді. Құрылғы қолдың қимылдары мен күрделі мимикалардың түсіндірмесін жүйке сигналдары арқылы анықтай алады.

Facebook-тың АR білезік шығару жайлы мәлімдемесі ақылды көзілдіріктер жасау саласындағы Apple, Amazon және Google Alphabet корпарациялары арасындағы бәсекелестікті одан әрі күшейтті деп мәлімдеді агенттік.

2014 жылы мамырда Google компаниясы Google Glass ақылды көзілдірігін сатылымға шығарған. Бағасы 1500 доллар.

2018 жылдан бастап Apple корпарациясы да AR ақылды көзілдіріктерімен айналыса бастады. Бұл жобаны әзірлеушілердің сөзінше, AR смарт көзілдірігінде графикалық ақпараттар линзаларда көрініп тұратын болады.

2020 жылдың 1 шілдесінде Facebook VR дисплейлерімен гарнитура таныстырған еді. Дизайны әдеттегі күннен қорғайтын көзілдірікке ұқсайды.

2020 жылы 17 қыркүйекте Facebook CEO Марк Цукерберг Ray-Ban деп аталатын смарт көзілдіріктер жасап жатқандығын хабарлаған.

Қания Табыс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Ерхан

Шықты ма? Жасап болды ма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз