Өлең, жыр, ақындар

Ержан Жүніс шығармашылығындағы құрылымдық ерекшелік

Тілін, дінін, рухани жан дүниесін, білімін, ар қасиетін сақтайтын сау ұрпақтың өсіп жетілуі әдебиетімізбен етене байланысқан. Әр ортаның жарық жұлдызы секілді төңірегіне шұғыла шашып, жарқырап тұратын айрықша асыл тұлғлары болады Кейде шын асылдың жанымызда жүргенін байқамайтын да кездеріміз бар. Сондықтан да, жас ақындардың шығармаларын зерттеу, ойландыратын, толғандыратын, дамытатын шығармаларды оқырман дарға ұсыну және оны оку болашағы жарқын халықтың, яғни қазіргі жастардың міндеті. Табиғат, жастық шақ, отаншылдық, тәуелсіздік, адам психологиясы тақырыптарына жазылған лирикалық өлеңдерінің өзегінде адамды жаңа бір көңіл күйге бөлеп, тың ойға бастайтын тамыры тереңде философиялық толғамдар бар. Ерлан Жүніс өлеңдерінің тақырыптары көбінесе қысқа, бір немесе екі сөзден тұрады. Өлеңдері оқырманды адам психолгия сының тереңіне жетелейтін ғажайып Тылсым күшке ие. Сонымен қатар ақын өмірдің кішкентай ғана детальін әлеуметтік құбылыстың сырын ашуға сәтті пайдала нып, қарапайым адамдардың тірлігін үлкен образ деңгейіне көтере жырлайды Құс қайтып келді» деген өлеңінде ақын адам тағдырын құсқа балап, таланттың шыңдалу жолы, дара болмысы, азабы мен рахаты шеберлікпен корытылған. Сонымен қатар ел тағдыры, Отан туралы тақырыптар ақын поэзия сында ерекше көрініс табады. Мысалы, «Тәуелсіздік» деген өлеңінде ел тағдыры сыңға түскен сәттегі елін, жерін, тауелсіздігін алуды мұрат еткен отаншыл жастардың рухы, арман мұраты жырланады. Ақын өлеңдерін оқып шыққанда ондағы шебер жасалған образдар көз алдында тұрып қалады. Образ жасаудағы шеберлілігі ерекше назар аудартады Адам мінездемесін түсіндіру, тұлғасын суреттеу жиі байқалмайды көп сөздіктен де аулақ. Өлеңдердегі тақырыптық тағы бір ерекшелік ол ақынның қыз балалардың тағдыры, мәселелері туралы жырлауында. «Қыз отызда қартая ма, мұның не ?», «Қыз бойжеткен», «Ұзатылмаған қыз», «Ақын қызға» сынды өлеңдерінің тақырыптрынан ақ ақынның айтқысы келген мәселесін аңғаруға болады. Көбінесе ақын тақырыптары табиғатпен, жыл мезгілдері, уақыт, маусымдармен етене байланысқан. «Қысқы элегия Ұзақ қарап тұрсаң егер жаңбырға Түн есімі сұлу» «Қиялшаң түннің бұлттары» «Жүрек маусымдары» Бесінші маусым» «Шұғылалы түн деген өлеңдерінен ақынның табиғатқа ерекше жақын екендігін аңғаруға болады. Ал өлеңдердегі негізгі идея тура айтылмайды, табиғат белгілерімен жасырына түскен ал оның сырын ашу оқырманның өз еркі. Ақын бір кереметі, табиғат көріністерін орынды ды келісті теңеулермен суреттей отырып, адам мен табиғатты бір біріне айналдырып жіберетіні. Табиғаттың құпиясы, адам жанының нәзік те, күрделі сырлары өзара жарасым тауып, ұлттық болмыспен, ұлт тағдырымен адам тағдырымен астасып келіп отырады. Сонымен қатар, ақын шығармашылығында адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы өлеңдер де аз емес. «Ғапыл», «Кісі биік болады кешіріммен», Қайырым» деген өлендерінің тақырыбы айтып тұрғандай негізгі идеясы да адамдарды жақсылыққа үндеу, дүние туралы оқырманның көзқарасын өзгертуге, өмірді басқаша сезінуге жетелейді.

Тоқанова Аяужан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз