Бұрынғы заманда Янди дейтін Жер құдайы болған. Ол адамдарды өте жақсы басқарды. Әр айдың бесінші күні Аспан құдайы жерге жаңбыр жауғызады, оны «син үй» деп атайды. Оныншы күні тағы да жаңбыр жауғызады, оны «гу үй» деп атайды. Он бесінші күні тағы бір жаңбыр жауғызады, оны «ші үй» деп атайды. Әлемде бәрі өте жақсы, заман тыныш болады. Адамдар Яндиге өте разы болып, оны Шыннұң деп те атап кетеді.Кейіннен табиғат бұзылып, адамдардың тұрмысы нашарлап, жұрт арасында жұқпалы ауру тарайды, ауруды тоқтататын дәрі таба алмай адам қырыла бастайды. Бұл жағдайды көрген Шыннұң қатты азаптанып, әлемді аралап түрлі шөптерден дәрі іздеуге бел буады. Күн-түн демей тау арасында жүрді, боранда тамақтанып, далада ұйықтап, мыңдаған қиыншылықты басынан өткізді. Ол екі жақ иығына үлкен дорба көтерді. Жеуге жарайтын нәрсе тапса, сол жақ иығына салады, оны халыққа таратады. Дәрі болатын болса, оң жақ иығына салып, сақтап отырды. Көптеген қауіптерден өткен Шыннұң ыстықты басатын Хуаңлиаңды, ісікті қайтаратып, ауруды басатын Чуәнсинлиәңді, өкпені тазартатын, бауыр ауруын емдейтін Гәнцаоді, жөтелді, суық тиюді басатын Дзиаң сияқты көптеген дәрілерді табады. Әрі олардың аттары мен қандай ауруға қолданатынын бамбукқа жазып, белгілеп отырды. Соңында Шыннұң сол жақ дорбасынан 47000 азық, оң жақ дорбасынан 39800 түрлі шөп-дәрі жиналады.
Бір күні Шыннұң үлкен бір дорба шөп-дәрі теріп, жуан ағаштың түбіне келіп, қазан асып, бұлақ суын құйып, шөп-дәріні қайнатпақшы болады. Су қайнаған соң ол қақпағын ашып, шөп-дәріні қазанға салмақшы болғанда кенеттен ағаштың жапырағы қазанның ішіне түсіп кетеді. Біртіндеп бір жақсы иіс шығады. Шыннұң жапырақты сүзіп алып, аузына салып ақырындап шайнап, дәмін татады. Ол ащы жапырақтың ішінде біртүрлі әдемі иістің бар екенін байқайды. Ол шөлді басады, ішке жұтып жіберсең, адамның іш құрылысын тазалайды. Шыннұң бұл жапырақты «сһа» (шай) деп атады. Кейін ол шөптердің дәмін татып жүріп уланғанда осы шаймен уды қайтарған екен.Бір жолы ол аспанмен тілдескен асу бермес алып асқар тауға кез болады. Шыннұң сол кезде қатты қиналып тұрып, шырмауықтарға көзі түседі. Оның басына бірден ой келеді. Ол шәкірттеріне ағаштарды кесіп, шырмауықтармен байлап, саты жасауға бұйырады. Соған олар бір жыл уақыт жұмсады. Биіктігі 365 тепкішек саты жасады. Оны тауға сүйеп қойып, сол арқылы өрмелеп, таудың басына шығады. Кейінгі адамдар осы адам баспаған орманды «Шыннұң сатысы» деп атады. Ол қазіргі Хубэй провинциясының батыс жағындағы Чанжяң өзені мен Хханшуэй өзені ортасында орналасқан. Орманда 1200-ден аса дәрі-өсімдіктер өседі.
Мейірімді Шыннұң өмірін халыққа арнады. Бір күні ол сары гүл ашып тұрған шөпті байқап, оның күлтешесінің бірі ашылып, бірі жабылып тұрғанын байқап, қызық көріп, жұлып алып, аузына салып, дәмін көрмекші болады. Ол шөпте У бар екенін кім білсін, ол осыдан көз жұмады. Аңыз бойынша, ол өзінің ішегінің уланғаннан бөлек-бөлек бөлініп кеткенін көріп, уды қайтаратын шайды ішкісі кеп, үлгермей қалады. Кейін бұл улы шөп зерттеліп, «гоувэн» (ішек кесетін шөп) деп аталып кетеді. Бұл шөп халық жақсы көретін Шыннұңның өмірін қиды, адамдарды қайғыға қалдырды.
Шыннұңның түрлі шөптер туралы жазған естелігімен Шыннұңның «Бінцао» деген кітабы шықты. Ішінде 365 түрлі шөп-дәрі туралы жазылған. Сонымен бірге бұл шөп-дәрілердің өзіндік ерекшеліктерін түсіндірген және онда шөптерді қолдану жолы мен пайдасы толық жазылған. Осы кітап Қытайдың шөп-дәрілерін зерттеудің негізін қалады. Сондықтан Шыннұңды қытайлар «Шөп-дәрілер атасы» деп атайды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі