Бұрынғы кезде бір балық аулайтын кедей шал болыпты. Оның бір кішкентай кемесі мен балық аулайтын торы бар екен. Ол күндіз өзен бойында балық аулайды, түнде кішкентай кемесін өзен бойында тоқтатып, кеме үстінде ұйықтайды енен.
Бір жылы жазда өзеннің суы тасығандықтан, балық аулауға амалсыз қалады. Бір күні шал түнде су толқындарына қарап, күрсініп отырады. Кенеттен ол өзеннің ішінде бір жарқыраған отты көреді, біресе жанып, біресе өшеді. Ол: «Ерте кезде естіп едім, осы өзеннің ішінде алтын бар екенін, ол өте еңбекқор адамдарға ғана көрінеді екен», — деп естігенін есіне алады. Мүмкін бұл жанған сол байлық шығар деп топшылайды. Ол барып көруді ойлап, қауіпті жағдайға қарамай, кемені жақындатады, үлкен су толқыны кемеге соғылады. Балық аулайтын шал жанған алтынға жақындап, торын жаяды. Тор алтын отты орайды. Осы кезде судың толқындары кемені тербейді. Шал торды жинап, жағаға қайтады. Тордың ішіне қараса, тор ішінен ақ нефриттің ішіндегі аквариумды көреді, соның түбінде бір жұп алтын балықты көреді. Ортасында бір гүл тұрады, гүлдің үстінде бір бала отырады. Оның үстінде қызыл киім, жасыл шалбар, қолында қармағы бар. Кәрі шал бұрын бұл аквариумда қандай ерекшелік бар екенін білмеген.
Түннің бір уақытында бір бөтен дыбыстан шал оянады, аквариумның ішінде жарық арқылы гүл өсіп, барған сайын үлкен, биік болып бара жатады.
Жаңағы бала да үлкен болып өсіп кетіпті. Ол бұл аквариумға қарап тұрып:
«Аквариум тербейді, одан таза сулар шығады», — дейді. Міне, енді шынымен аквариум тербеліп, аквариум ішіндегі су тасып кетеді. Бала айтады: «Таза сулар ағады, балықтар келеді». Осы сөз айтылған соң, сулар айналып ағады, балық та тіріліп судың ішінде жүзіп жүреді. Бала тағы айтады: «Балықтар секіреді, су көтерілгеннен кейін сулардың ішінде толқын шығып, екі балық биікке секіреді. Екі балық тоқтамай секіріп, сыртқа көп су шашырайды». Бала мәз болып күліп, таң атқанын сезбейді, бала ойнап болған соң, сол гүлдің үстіне қайтадан отырады.
Сулар тоқтайды, балықтар да тоқтайды. Дереу су тоқтап, балықтар секірмейтін болады. Бала мен гүл де кішірейіп барып, сол аквариумның ішіне қайтады. Барлығы қалпына келеді. Шал қадалып қарап тұрып, аквариумды қолына алып, әдеттегі аквариумнан айырмашылығы жоқ сияқты деп ойлайды. Енді кемесінің үстіне қараса, бір қабат бұршақ тектес алтынды көреді. Шал байлыққа қатты қуанады. Ол осы алтындарды базарға барып, сатқалы келе жатады. Жолда бір шетелдік адамға кездеседі. Шетелдік: «Ата, сен бұл алтынды қайдан алдың?» — деп сұрайды.
Шал өте адал адам еді. Ол бар сырын бірақ айтып береді, ертесі күні бір сарбаз шалдың үйіне келіп: «Қазы сені шақырып жатыр, менімен бірге аквариумды да алып жүр»,— деп бұйрық береді.
Шалды қазының алдына алып барады, қазы шалды боқтап:
— Сен, шал, шетелдіктің затын ұрлапсың ғой, сен мұны қайдан ұрладың? Тез айт! — дейді. Шал байғұс қазының жанында тұрған кешегі жолда кездескен шетелдікті көреді. Содан кейін бәрін түсінеді. Ол ашуланып тұрып айтады:
— Бұл аквариумды мен өзеннің ішінен тауып алдым, қалай ұрлады дейсің? Шетелдік қазыға қарап тұрып:
— Ол менің затымды ұрлап, тағы мойындамай тұр, сіз бұны жазалауыңыз керек, — дейді. Шал айтады:
— Бұл — біздің қытай өзені ішіндегі қытай байлықтары . Сен мені шетел адамдарының затын ұрлады дейсің, — дейді. Шетел адамы мен қазы ештеңе айта алмай қалады. Сонда да олар:
— Сен не істесең де, бізге байлықты беру керексің, — дейді. Шал ашудан жарыла жаздап, дірілдеп, жерге құлайды. Аквариум ішіндегі бала секіріп шығып, қармағын шетелдік адамға лақтырады. Қармақ шетелдік адамға ілініп, шетелдік адамды алысқа лақтырады. Қазы баланың қармағына ілініп қаламын деп қорқып, үстелдің астына тығылып қалады.
Бала шалды сүйіп тұрғызып, екеуі мәз-мейрам болып үйге қайтады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі