Алматы облысы Қарасай ауданы
Көкөзек ауылындағы орта мектебі 11-сынып оқушысы
Сламбай Қымбат Қуанышқызы
XXI ғасырдағы жастар арасында кітап оқу қаншалықты дәрежеде тұр? Иә, бұл сауал кез-келген адамды ойландырары сөзсіз. Алайда, тартыншақтыққа тап болып жатамыз. Кітап дегеніміз – рухани азық емес пе?! Сол кітап ең бірінші болып адам баласының алға қарай қадам басуына, биік белестер мен адамгершіліктің шыңына көтерілуге шексіз ақыл қосады. Кітап – сенің ұстазың. Ол жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның айырмашылығын тауып, оларды ажырата білуге үйретеді. Алға дұрыс жол көрсетеді.
Ал қазіргі жастарымыз кітап оқуға қаншалықты құмар? Әлі де болса қажеттілігін түсінді ме? Осы тұста оқырмандарымыз екіге бөлініп шығары хақ. Алғашқысы, кітапханаға барып, баспадан шыққанын тосып, бояуы кеппеген кітаптың иісін иіскей отырып оны сезіне оқиды. Ал екіншілері, әлеуметтік желілерден не болмаса, электрондық нұсқасын оқығанды жөн көреді. Бұл әрине, ұзақ сапарға шыққан кезде кітапханаға барғанға уақыт тапшы болатындарға таптырмас мүмкіндік. Әркім әр жерден оқыса да, кітаптың берер азығы азаймайды. Лев Толстой: "Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей" – деген екен. Жалпы айтқанда, кітап – досың да, ақылшың да бола білмек. Ол – құмарлық, адамды тәрбиелей білетін құрал. Бүгінгі таңда кітаптың, кітап оқудың барлық жағынан пайдасын көріп отырмыз. Ал осы үшін адамзат баласының кітапқа деген сүйіспеншілігі мен оған қарыздары қанша?! Орыс халқының ұлы жазушысы М. Горький айтқан сөзі еске еріксіз оралады. Ол айтады: «Мен бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа қарыздармын» деп. Ендеше, өмірлік азық етуде қолға кітап алу қай кезде де кеш емес. Әсіресе бүгінгі жастарымыз, білімқұмар азаматтарымыз үшін берік қалқан. Кітап оқу арқылы өзіңді де өзгені де тәрбиелейсің. Ол біз үшін өлшеусіз ақыл қосатын әрі көшбасшылық қасиетті арттыратын ұстазымыз.
Сөзімнің салмағы болса, естір құлаққа есті сөз айттым деп білемін. Заманына қарай адамы. Іздегеннің алдынан іздемей-ақ табылары да анық. Ендеше, жатып, жастана оқыр жастарымыз көбейсін. Еліміздің еңсесін көтерер есті азаматтарымыз тарихымызды танып, тіліміз бен дінімізді қасиет тұтса екен демекшімін. Тамырымызды тауып, қадірімізді арттыратын да кітап болмақ. Ендеше, жан азығымызды тек кітаптан іздейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі