Мұхтар Мағауинді біреу жазушы, біреу ғалым деп таниды. Менің танымыма жазушы Мағауин жақынырақ. Себебі, тарихтан сыр шертіп қана қоймай, кейіпкерлерінің қылығынан танысыңды танығандай боласың. Менің оқыған әңгімелерімнің қатарында Мағауиннің бірді-екілі шығармалары төбе көрсетіп-ақ қояды. Соғыстан соң ауылдык жайын сөз қылған «Ақша қардың» өзі үлкен бір төбе. «Қияндағы қыстаудың» да орны ерекше. Ал «Қобыз сарыны» монографиясында хандық кезеңдегі халық жағдайын тәтпіштеп тұрып баян қылған.
Маған ең ұнаған «Көк мұнар» әңгімесіне тоқталып өтейін. Бұл Мұхтар Мағауиннің ең бірінші тарихқа сүңги жазған шығармасы еді. Екі жүз беттен тұратын кітапқа көп дүние сыйғыза алған. Шығармадағы Едіге кім деген ой келеді басыңа. Шынымен де ол кім? Былай қарап тұрсаңыз, ол сіз бен біз екен. Мақсатынан бас тартпайтын қайсар жас, сол кездегі еті тірі Едіге мен бүгінгі біздің айырмамыз көп емес. Шығарманы жазудағы мақсат та осы болар. Үлгі һәм өнеге.
Әркім бұл романнан өзін көргендей, сол күйді қайта кешкендей әсерде болады. Күлдәрі де, Халел де, Бердібектер де толып жатыр. Ойлы да идеясы үйіліп тұрған жастың ойын ойсыратып, тұсау салып тұтқырған Кеңес үкіметінің отаршыл саясаты анық көрініс табады. Ақшаның соңында құлға айналған, мансапқорлардың бейнесін анық ашып көрсетеді.
Тарих, шындық деп сайрап тұрса да нәп-нәзік махаббат та ұмыт қалмаған бұл шығармада. Гүлшат пен Едігенің махаббаты арқылы Едігенің психологиясын одан әрі аша түсеміз. Кей жерлерден байқап қалғаным жазушы Едігенің атынан емес құдды бір өзі секілді келтірген. Менмендік пен эгоизмнің шыңы көрінетін тұс осы ғой.
Шығармада оқып отырсаң қажетсіз тұстар бар ма деп қаласың?! Бірақ, ол абзацсыз, ол эпизодсыз шығарма «мендігінен» айырылып қалатындай. Мұхтар Мағауиннің шеберлігі де осында шығар. Өз басым өзімді Гүлшаттың қимылдарынан, қылықтарынан көргендей болдым. Ұнады, ұнай береді, қайта оқуға ерінбес едім.
Рамазан Тоқтаровтың шығармашылығындағы шындық пен тарихқа көз жүгіртейік. Бұл тұста «Абай жұмбағын айтпай кетпеске болмас. Себебі бұл жас жазушы үшін, жас ғалым үшін оқылуға тиісті кітаптардың бірі. Себебі, бес кітаптың басын қосып, таптырмайтын жаңалықтармен үлкен мән бере отырып ұсынылған ғой бұл шығарма. Шығармадан Абайдың өміріндегі айтылмай қалған оқиғаларды аңғарамыз. Бұл шығармада Абай дүниеге келген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайына көңіл бөлінген. ΧΙΧ ғасырдың орта шені, орыс патшасының бодандығына кіргелі ғасырдан астам уақыт өткен кез суреттеледі. Абайдың шақалақ кезінен жасөспірім кезіне дейін еш әсірелеусіз, ешқандай боямасыз пәк күйде жеткізілген. Еңбектемей жүріп кеткен Абайдың анасының ақ омырауын еміріне иіскеп еміп жатқан көрінісі өте әсерлі суреттеледі. Бұл жерде бір халықтың алпамсасын жер бауырлатып қойғысы келмеген шығар деген ой шымшып алады. Тілі кештеу шыққанына дейін әсем күйде жеткізіледі. Абай кіттай күнінде Айға әуес болыпты-мыс. Ал анасы қалай түсінгенін шығармада былай береді: «Толған ай — баланың көңіліне орнаған тұңғыш жұмбағы. Аманат жаны аман болса, оны да түбі өзі шешеді». Өсе келе Абай жанары тік, есте сақтау қабілеті бәрінен биік болған екен. Мен бұл мәліметтерді Абайды қанша оқыдым десем де білмейді екенмін. Абай жолынан бөлек Абай туралы керемет туынды бар екені таң қалдырды. Жеткізуі де бөлек. Әр қимылынан ерекше бір мән мен мағына іздейсің. Табасың да. . . Тарих емей немене бұл?! Көркемдігі мен маңызы он шығармаға татиды десем артық айтқандық емес.
Mukhtar Magauin is known as a writer and scientist. The writer Magauin is closer to me. This is because you not only tell stories, but you also recognize your friends from the actions of their characters. Among the stories I read, one or two of Magauin's works stand out. "Akwa kar", which spoke of the village after the war, is a big slide. "Kiandagy kistau" takes a special place. And in the monograph "Kobyz Saryny" he described the situation of the people during the period of the khanate.
I'll tell you about my favorite fairy tale "Kok munar" - this is the first work of Mukhtar Magauin, which plunged into history. A 200-page book could hold a lot. You are wondering who Edige is in the play. Who is he really? If you look at it from this perspective, it is you and us. There is not much difference between Edige and us today, a young man who never gave up his goal, who was then alive. This is probably the purpose of the composition. Example and example.
It seems to everyone that they saw themselves in this novel, as if they experienced the same situation again. Kuldari, Halel and Berdybek are enough. The colonial policy of the Soviet government, which stunned and intrigued young people with its many ideas, is clearly reflected. It clearly reveals the image of the careerist slaves in the end of the money.
Despite the fact that history appeals to the truth, tender love is not forgotten in this work. Through the love of Gulshat and Yedige, we will reveal even more the psychology of Yedige. In some places I noticed that the writer was writing not on behalf of Yedige, but on his own behalf. This is the peak of pride and selfishness.
If you read the work, do you think there are unnecessary moments ?! But without a paragraph, without an episode, the work loses its "I". The skill of Mukhtar Magauin is evident here. As if I saw myself in the actions of Gulshat. I like it, I would not be too lazy to study again.
Let's take a look at the reality and history of Ramazan Tokhtarov's work. In this regard, "it is necessary to tell the secret of Abai. " Because this is one of the books that a young writer, young scientist should read. This is due to the fact that this is a work of five books, in which irreplaceable innovations are very important. In the work we learn about the unspoken events of Abai's life. The work is devoted to the historical position of the Kazakh people at the time of Abai's birth. The middle of the twentieth century coincides with the time when we came under the rule of the Russian Tsar. It was passed on from childhood to adolescence of Abai in its pure form, without any exaggeration or color. The image of Abai, who was a baby, smelling the white breast of his mother, is very impressive. There is a feeling that some of the people did not want to show him as great. The language comes in pretty form until late release. Apparently, Abai fell in love with the moon as a child. The mother explains how she understood: “The full moon is the first riddle in a child's heart. If Amanat's soul survives, he will decide it himself. " As a child, Abai was smart and had a better memory. I do not know to what extent I read this information about Abai. In addition to the path of Abai, there is a wonderful work about Abai. Delivery is also separate. You are looking for a special meaning and meaning in every movement. You will find it . . . Tell me, is this not a story ?! It is no exaggeration to say that his art and significance are worth ten works.
Авторы Наукенова Айнұр, аударған Тілек Ләззат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі