Өлең, жыр, ақындар

Тренд қуған заман: TikTok бізді өзгертті ме?

Тренд қуған заман: TikTok бізді өзгертті ме?

Бүгінде TikTok-сыз өмір сүру қиын сияқты. Әрбір жасөспірім кем дегенде бір рет TikTok видеосын түсіріп, трендке ілесуге тырысуда.Бірақ осы әлеуметтік желі бізге не береді? Ол біздің ойлау жүйемізді, өмір сүру салтымызды өзгертті ме?TikTok – жай ғана әлеуметтік желі емес, ол жаңа мәдениет қалыптастырды. Қазір адамдар трендтік билерді жаттап, челлендждерге қатысып, танымал болуға тырысады. Ал бұрын ше? Бұрын адамдар ермек үшін кітап оқитын, спортпен айналысатын немесе достарымен шынайы өмірде кездесетін. Енді барлығы телефон экранында өмір сүреді.Жақсы жағы қандай?Жаңа мүмкіндіктер – TikTok арқылы көптеген жастар танымал болып, табыс тауып жатыр. Бір бейне арқылы-ақ атақты болуға болады!Оқу мен даму – TikTok-та пайдалы лайфхактар, ағылшын тілі сабақтары, мотивация беретін видеолар өте көп.Шығармашылық – Қазіргі жастар өздерін актер, режиссер, блогер ретінде дамыта алады. Бірақ жақсы жағына қараймыз деп оның зияныңда ұмытпау керек.«Виртуалды өмір» – Көптеген адамдар TikTok-тың әсерінен шынайы өмірден алыстап барады. Олар кез келген сәтті видеоға түсіріп, «лайк» үшін өмір сүретін болды. «Трендке ілесу» синдромы – Кейде адамдар тек тренд үшін қауіпті әрекеттерге барады. Есіңде ме, TikTok-та «Көлік алдынан жүгіріп өту» челленджі болған еді? Мұндай трендтер адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Ал бұндай трендтердің тағыда шықпауына кім кепіл?Уақыттың зая кетуі – TikTok-та кемінде 5 минут отырамын деп, бірнеше сағат өтіп кеткенің байқамай қаласың.Бұл уақытты өз дамуыңа жұмсаған әлдеқайда тиімді болар еді. Сонымен қатар ғалымдардың айтуынша  TikTok желісі адамның жүйке жүйесін тоздырып, ауруға алып келуі мүмкін. Америкалық психолог Жан Твенге “iGen” кітабында әлеуметтік желілердің жастарға психологиялық әсерін зерттеген. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерге тым көп уақыт бөлу депрессия, стресс және жалғыздық сезімін арттырады. TikTok-та идеалды өмірді көрсететін блогерлерді көріп, көп жасөспірім өз өміріне көңілі толмай, өзін төмен бағалайды.Оксфорд университетінің зерттеушілері TikTok мидың есте сақтау қабілетіне кері әсер етуі мүмкін екенін анықтады. Себебі қысқа видеолар ақпаратты жылдам қабылдауға үйретеді, ал ұзақ мәтіндерді оқу қиынға соғады. Бұл жастардың оқуға деген ынтасын азайтады.TikTok – жақсы да, жаман да құрал. Ол сенің уақытыңды ұрлай ма, әлде мүмкіндіктер аша ма – бұл сенің оны қалай қолданатыныңа байланысты. Сондықтан әр трендтің артынан ермес бұрын, оның саған не беретінін ойлан!

Мақаланы жазған: Тілеген Алтынай

11 сынып оқушысы

163 мектеп лицей

Алматы қаласы, Медеу ауданы

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз