Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі

Еліміздегі әдеби басылым «Жұлдыз» журналының ерекшелігі сан ғасырлық даналығын бойына жинақтаған әлемдік классика жауһарлары, 2000 жылдан аса тарихы бар көне түрік және бүгінгі түркі тілдес әдебиеттердің озық үлгілерімен қоса, есімдері әлдеқашан тарих беттеріне жазылған ата ұрпақ өкілдерін айтпағанның өзінде, қазіргі қазақ әдебиетінің классиктерінің көптеген шығармаларын жариялап келеді. Бұған қазіргі таңдағы жарияланған сандарын да оқып көз жеткізуге болады. Журналдың «Сырсандық» , «Сөз сәулесі» , «Түрік дүниесі , т.б айдарларында өзінің бай мазмұнымен, уақыт талабына сай жазылған мақалалар жарияланған. Тіпті көрнекті қаламгерлердің әңгіме – хикаяттары, қазіргі ең танымал фантастикалық, детективтік шығармалардың таңдаулы үлгілерінде оқуға болады. Сонымен қатар хaлықтары әдебиетінен жаңа тәжімалар, дін ислам дәрістері, пайғамбарлар мен әулие – әмбилердің өміріне қатысты ғибраты мол аңыз әфсаналар, ұлы адамдар өмірі, табиғат тылсымы туралы қызықты хикаялар, ғылым мен техникаға арналған танымдық материалдары , оқырмандардың сүйікті «Жұлдыз» журналына топтастырылған.

Жұлдыз журналының « Сырсандық» айдары мен үшін ең ерекше болып көрінді. Себебі бұл айдарда белгілі тұлғалар өздерінің бастан өткен қызықты оқиғаларымен бөліседі. Мысалы Сағатбек Медеубекұлының « Ақын тілін ардақтаған сөздік» әңгімесінде Мұқағали тілімен алғашқы таныстығы жайлы баяндаған. Поэзия жариялатын сандарында Жүрсін Ерманның «тағдырымда секілді бір ескі өлең» - деп аталатын өлеңдер жинағы ерекше көзге түседі.

Жалпы кезіндегі Сәбит Мұқановтың « Сұлушашы», Бейімбет Майлиннің «Сары ала тоны» , Ілияс Жансүгіровтың, Ғабиден Мұстафиннің әңгімелерін, Әбілда Тәжібаевтың « Арыс тұзы» сияқты қазақ әдебиетінің көсегесін көгертіп, алтын қорын байыта түскен шығармалары ең алдымен «Жаңа әдебиетте» жарық көрген еді. Ал қазір ізбасары болған « Жұлдыз» журналы да республиканың әдебиеті мен мәдениетінің айнасы болып отыр.

Жақыпбеков Олжас Айдынұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз