Өлең, жыр, ақындар

Халық басынан өткен 3 жұт

Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген майданда сыналған ел.

Ғабит Мүсірепов

Халқымыздың тарих беттерін ақтарып отырсаң, көзің еріксіз ұлтымыздың басына түскен ауыр жағдайларға түседі. 3 рет үлкен жұтты басынан өткерген халқымызды, батыр халық десек те жарасары анық. Сонау жоңғарлар мекендеген кезден, кешегі Кеңес Одағына дейін халқымыз ауыр кезеңдері бастарынан өткерді. Бірде қуанды, бірде жылады, бірде халық саны көбейсе, бірде жойылудың аза қалпында қалды.

Бірінші жұт -  1723-1727 жылдар аралығында болды. Тарих беттерінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен мәңгілікке қалды. Халық «елім-ай» деп еңірей қашты. Отанын, туыс-туғанын, ыстық естеліктерін артқа тастай, жан сауғалап, өзге елдерде паналаудан басқа амал қалмады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Ғалымдардың есептеуіне сүйенсек, жалпы халық шығыны - кемі 1,5-2 млн адам болған. Ал босып кеткендер саны 300 мыңнан 1 млн-ға дейін еді.

Екінші жұт – 1920-1921 жылдар аралығында болған жұт еді. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында Еділ бойымен қатар, елдің көптеген өңірлерін жайлады. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Деректерге сенсек жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Жалпы осы бір нәубетте қазақ елі 1 млн 700 мың адамынан айырылды.

Соңғы, әрі ең ауыр жұттың бірі – 1932-1933 аштық еді. 1925 жылы Қазақстанның басшылығына Голощекин келді. Өзінің оңқай саясатына сүйенген ол, «Кіші Қазан» ұранымен, та. 1928 жылы қазақ халқын азаптау процесін бастап кетті.

Голощекиннің көзі ең алдымен байларға түсті. Бай-бағыландырымзды Кеңес Одағының әр жеріне жер аударып, мал-мүлкін өз қарамағына алды. Келесі кезек қара халық еді. Малын тартып алып, бермегенді өлтіріп те жатты. Малынан айырылған қазақ үлкен жұтқа душар болды. Қара нан таппай, қаншама жан нәр тата алмай, тіл тартпай кетіп жатты.

Деректерге сенсек, 1932-1933 жылдардағы жұт Кеңес Үкіметінің қазақ ұлтын жойып жіберу мақсатында ұйымдастырған ашаршылығы болған. Кеңес Одағының басшысы Сталин мен елдің тұтқасы болсын деп келген Голощекин елді гүлденідірудің орынына, халықтың жаппай қырылуына жол берді. 1929 жаздағы санақта тіркелген 41 млн-ға жуық малдан 1933 жылы жазда 4,5 млн бас қалған. Үкімет босқан халыққа көмек берудің орнына қырылуына жол берді, тіпті емдеуге тиым салды. Осы бір жұттың әсерінен қазақ халқының 60-80 пайызы жойылып кетті.

Жалпы жоғарыда атап өткенімдей еліміз басынан кешірген дүрбелеңі мен сергелдеңі, куанышы мен қайғысы, қаны мен тері, селі мен шері араласып кеткен аласапыран ғасырлардың куәсі болған, әрі соған шыдай білген ұлы халықтардың бірі және солай болып қалады да!


Әдия Сайлау Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетті

Журналистика факультеті Баспасөз және БАҚ кафедрасы 101-топ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз