Алматы қаласы Алатау ауданы
«№ 184 ЖБММ» КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Таубаева Фарида Жилкишиевна
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің негізгі мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып оны ұтымды пайдалана алатын жеке тұлға қалыптастыру. Көптің ішінен таланттарды іздеп тауып, оны таныта алу. Әрине мұндай жауапкершілігі үлкен істе ұстаз бен ата-ананың арасында тығыз байланыс, бала тәрбиесіндегі бірізділіктің алатын орны орасан зор. Уақыттың керемет өлшемі - әрбір сәттің, бала тәрбиесіндегі қалдыратын ізін жан-жақты бақылап, түзетулер енгізіп, әрдайым бағыт-бағдар беріп отырған жағдайда ғана алға қойған мақсаттың келесі қадамына аяқ басуға болатынын ата-ана мен біріккен іс-әрекеттен көруге болады.
Жалпы өмір деген бір-ақ рет, біржолата жеңіп алатын жеңістен тұрмайтыны сияқты, бір-біріне ұқсамайтын әрбір күнінде әрқашан жаңалықты сезініп, жаңашылдықты көріп-білуге деген құштарлықпен алға жылжу мұғалімнің басты міндеті. өмірінде ұстаздық ету кәсібін таңдаған әрбір адам ең алдымен басқаны өзі арқылы тәрбиелейтінін түсіну керек. Мұғалім - оқушы және оның ата-анасы үшін адамгершіліктің ең жоғары шыңына дейін жетілген үлгісі. Нағыз алдыңғы қатарлы мұғалім болғысы келген адам, халықтың ең алдыңғы қатарлы бөлігінен еш уақытта қалып қалмауы тиіс. Білім деген алып күші бар ұлы байлықты адамзат бойына дарытушы -ұстаздардың қоғамдағы ролі жазушы Мұхтар Ауезовтың айтқан: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін -білім» деген сөзінен анық көрінері хақ. Қазіргі заман талабына сай қабілетті болашақ ұрпақ тәрбиелеуші ұстаздардың атқарар қызметі орасан зор. Тұрмыс-тіршілігі, түсінігі, ұстанымдары, өмірге деген көзқарастары әртүрлі жанұядан келіп отырған шәкірттердің өз-өзіне деген сенімділігін ояту, оның бұл жаратқанәлемде өз орны бар жеке тұлға екенін сезіндіру - әрине ұстаздар қауымының қоғамдағы алған ең үлкен үлесі. Артынан өшпес дана сөздер қалдырып кеткен шығыс философы Омар Хайямның:
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ, - деген ұлы ойы тікелей ұстаздар мен ата-аналар қауымдастығының біріккен үлкен міндеттеріне арналып айтылған сияқты.
Болашақта үлкен белестерге шығамын деген, табиғат-ана жаратқан, адамзат жаратқан таңғажайыптармен қатар өмір сүрем деген адамның әрбірі Ұстаз алдынан өтеді. Қазіргі кездегі алысты жақындатқан, ескіні жаңартқан, айлап-жылдап көз көрместі сәт қағымда көрсететін мынадай үлкен жаңашылдықтарға толы заманда ұстаздардан білімнің мол қорын алған адам ғана өз орнын таба алады. Баланың жақсы білім алуына,іздену, талпыну, көптің көлеңкесінде қалып қалмауға тырысуына не деген үлкен ерік-жігер керек десеңізші?! Ерік-жігер деген не? Ол-көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын, жүректің бір түкпірінде тығылып жатқан бір алып қасиет. Ал сол ерік-жігердің бір кілті –ұстазда, екінші кілті ата-анада екенін әркім түсініп біледі ме екен...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі