Өлең, жыр, ақындар

«Жалын» журналы

«Жалын» журналының тарихы 1969 жылдан альманах ретінде шығып тұрған кезеңнен бастау алады. Альманах сөзі араб тілінен аударғанда-әдеби шығармалардың жиынтығы деген мағынаны береді. Әрине, әдебиетіміздегі асыл мұраларымыздың осы журнал арқылы танылғанын алға тартуға болады. Қаламы қарымды, жанары жалынды ақындарымыз бен жазушыларымыз осы «Жалыннан» қанат қағып бастады  Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Жас Бауыржан», Дулат Исабековтың « Кеш туған жұлдыз», Оралхан Бөкеевтің «Іңкәр», Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Қош бол, ата» повестері «Жалында» жарық көрді. Өтебай Қанахиннің басшылығымен шыққан «Жалын» әдебиеттен өзге де тақырыптарды кеңінен жазып тұрды. «Ғылым, жаңалық, болжам» деген айдармен Тұрдақын Жексенбаевтің «Тілдің бағалы байлығы» атты ғылыми–танымдық мақаласы «Жалында» басылып шықты. Автор этнографиялық атаулар халықтың тарихымен тамырлас екенін сөз ете, әдет-ғұрыпқа қатыстыларын жіктеп жазған.

 Бүгінде Республикалық әдеби-көркем журнал болып отырған «Жалын» өзінің ерекше айдарларымен көзге түседі. «Көкейтесті», «Оқшау ой», «Бүгінгі сын», «Қаламгер дидары», «Күлдібадам», «Қилы-қилы хикаялар» деген сияқты оқырманның  назарын аудартатын айдарлары бар. «Жалын» журналының тарихында «Қазақ кәсіпкері» деген айдар да болған. 

 Қазақстан Жазушылар Одағының мешесі, белгілі журналист  Сабырбек Олжабайдыің «Жемқорлық-жегі құрт» деген мақаласы Жалынның «Көкейтесті» айдарында жарық көрген. Автор Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...» деген өленің әрбір жолына тоқталып, Абай айтқан халде екенімізді мысылдармен суреттейді.

Мақалада:«Мәселен, жуырда Қорғаныс министрлігінің жоғары шенді генералы ұсталды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен аталған министрліктің қызметкерлері қолға түсірген» деген сөздер кездеседі. Автор Абай айтқан сол мініміздің, жалқаулық, жемқорлықтың азаймай тұрғанын ашына жазады.

Мұхтар Шахановтың басшылығындағы «Жалын» журналының логотипі де алаулап тұрған от бейнесінде. Өзі де өткір мақалалар жариялап жүрген бірден-бір  басылым. Тарихының қойнауы тереңнен бастау алған «Жалын» бүгінгінің үлгі тұтар басылымы десек те болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз