Қазақстан мектебі негізінен 1925 жылдан бері шығып келе жатыр. Бастапқыда бұл журнал “Жаңа мектеп” деген атаумен шыққан болатын. Журнал негізінен мұғалімдерге арналған. “Қазақстан мектебі” журналы бүкіл Қазақстан журналдарының арасында бірінші болып “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. Қазіргі таңда журнал үш тілде,яғни қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде мақалалары жарық көреді. Бүгінгі күнде бас редакторы- педагогика ғылымдарының кандидаты,доцент,ҚР білім беру ісінің үздігі,ҚР журналистер одағының мүшесі Сәния Бектенғалиева. Бұл журналды оқу барысында түсінгенім,журнал мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуына да келеді. Жаңа оқу үрдісіндегі тәжірибелермен бөлісіп,ұстаз қауымының маңыздылығы сөз етіледі. Мақалаларда балалар психологиясының мәселелерін қамтып,оларды түсінуге деген жаңа бағыттарды ұсынады. Жаңа бағыттағы оқу мәселесі мен ұстазбен оқушы арасындағы қарым қатынастарда айтылады. Алғашқы кездегі журнал мақсатымен қазіргі күні де журнал өз мақсатын жоғалтқан емес.
Ұстаздарға арналған журнал бүгінгі таңда да,өз жаңашылдығымен өз оқырмандарын қызықтырып келеді. Мұғалімнің құзыреттілігі,кәсіби-педогогикалық мәдениетіне де көңіл бөлініп сол жайлы мақалалар да бар. Менің ойымша,мұғалім болғысы келетін жандар журналдан өзіне керекті көптеген мәліметтер алып,өзіне тәжірибе жинай алады. “Қазақстан мектебі” журналы мұғалімдердің арасында танымалдылыққа ие. Осы журналды негізі оқитындар ұстаздар қауымы болғандықтан,біз ұстаздардың маңызын жете түсіне аламыз. Оқытушылардың балаларды оқыту барысындағы қызықтыру үшін ашық сабақтары,бала жанын түсінуге арналған психологиялық ойлары ұстаздардың арасындағы тәжірибе алмасу деп ойлаймын. Ұстаз бен балалардың арасындағы қарым қатынасты, ұстазға деген сыйластықты мен осы журналдан оқи алдым. Көптеген универдің оқытушылары өздерінің ой пікірлерін мақала арқылы жеткізіп,қазіргі заманның оқу үрдісін бізге үйретеді. Мұнда мұғалімдер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының арасындағы әдістемелік материалдары мен зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жарияланып келеді. Қазақ мұғалімдері үшін аса маңызды болып табылатын, “Қазақстан мектебі ” журналы тарихы терең өзіндік бір аса орны бар.
Зинадуллақызы Нұрай
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі