Өлең, жыр, ақындар

Казправда, Вечерняя Алматы, Экспресс-К

Казахстанская правда газеті - Қазақстанның ұлттық, республикадағы ресми және іскери ақпараттардың негізгі көзі болды. Менің байқауым бойынша «Казахстанская правда» басылым беттерінде Қазақстан Президентінің жарлықтары мен бұйрықтары, парламент, үкіметтің қаулылары, республиканың жаңа заңдары, жоғары билік органдарындағы кадрларды ауыстыру туралы хабарламалар жиі жарияланған. Газет елде және одан тыс жерлерде болып жатқан маңызды оқиғаларды қамтиды. Басылым бетіндегі материалдарды, мақалаларды оқи отырып,  Қазақстан аймақғындағы жағдай туралы кең ақпарат береді. Газеттің ауқымдылығына тоқталсақ, газет Қазақстанның барлық аймақтарында бөлшек сауда арқылы да, жазылу арқылы да таралады.  2005 жылы таралымы 85700 дананы құрады,  2006 жылдан бастап газет таралымы 100 мың данадан тұрақты түрде асты. Михаил Зощенко, Кукрыниксы, Сергеев-Ценский, Ольга Форш, Константин Симонов, Константин Паустовский газетпен тығыз жұмыс істеді. Қазіргі таңда газет беттерінде “Президент”, “Саясат”, “Экономика”, “Оқиға”, “Қоғам”- секілді айдарлары бар. Мәселен газет бетіне көз жүгірткендегі байқағаным “Президент” айдарында Тоқаев, Назарбаев туралы деректер мен олардың кездесулері мен баяндамалары туралы жазылады. Мысалы соңғы жаңалықтар бойынша “ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҮНДІСТАННЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНЕ ЖЕДЕЛХАТ ЖОЛДАУЫ” туралы жарияланған мақала.

Кешкі Алматы - Алматыдағы күнделікті ресми қалалық газет.  1968 жылы 2 қаңтардан бастап орыс тілінде «Вечерний Алма-Ата» деген атпен жарық көрді, қазіргі атымен 1993 жылдан бері бар (1936-1938 жж. «Социалистік Алма-Ата» газеті де шықты). «Кешкі Алматы» қала әкімшілігінің, қоғамдық және мәдени ұйымдардың қызметін, коммерциялық құрылымдарды, көлікті, нарықтық экономиканың проблемаларын, жұмыспен қамтуды, әлеуметтік-құқықтық мәселелерді және т.б. қамтиды.  Редакторы: Евгений Грунберг. Жарияланған материалдарына шолу жасасақ: 1) қоғам алматылықтарды CVI-ға қарсы вакцина алуға шақырады, 2)Қазаөстандық әкімдердің орташа жасы қанша? Және де газет бетінен байқағаным қазіргі таңда бұл газет тек қана орыс тілінде жұмыс жасайды.

“Экспресс К”— (бұрынғы Ленинская Смена) - Қазақстанның апта сайынғы қоғамдық-саяси республикалық газеті. 1920 жылы 7 қарашада құрылған.  Кеңес заманында ол жастарға бағыт берді және Қазақстан комсомол ұйымының ресми органы болды.  1920 жылдары «Юношеская правда» (1922-1923) және «Комсомолец» (1924-1925) атауларымен жарық көрді.  1928 жылдан бастап баспа қайта басылды, басылым «Ленинская Смена» деп аталды, келесі жылы газет Қызылордадан Алма-Атаға көшті.  2000 жылдардың басында газет 20000 таралыммен жастарға бағытталған басылым болуын тоқтатты.  Алайда 1980 жылдары ол 300 мыңға жуықтаған еді. 

Басылым беті қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайды. Экспресс К сайтының бірден-бір ерекшелігі жарияланған хабар немесе мақалалардың қай қалаға қатысты екендігі көрсетіліп тұрады. Демек сіз тек  өзіңіздің қалаңыздың жаңалықтарымен танысқыңыз келсе еш қиындық тудырмайды. Газет беті тек қана Қазақстан жаңалықтарын ұсынып қана қоймай әлем жаңалықтарымен де хабардар етеді. Газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.  «Алтын жұлдыз» байқауында газет «Республикалық орыс тіліндегі газет» номинациясы бойынша 2001 жылдың ең үздік газеті деп танылды, ал «Жыл таңдауы» байқауында - Қазақстандағы No1 қоғамдық-саяси күнделікті газет ретінде танылды.

Абсаттар Аида


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз