Өлең, жыр, ақындар

"Жұлдыз" — Қазақстан республикалық әдеби журналы

"Жұлдыз" — Қазақстан республикалық әдеби журналы. "Шолпан" (1922), "Таң" (1924) журналдарының ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 жылы жарық көрген. Әр жылдары "Жаңа әдебиет" (1928 - 32), "Жыл құсы", "Әдебиет майданы" (1932 - 39), "Майдан" (1941 - 45), "Әдебиет және искусство" (1939 - 41; 1945 - 57) атауымен шығып тұрған. "Жұлдыз" журналы бүгінде республиканың әдебиеті мен мәдениетінің айнасы болып отыр. Қазақ әдебиетінің көсегесін көгертіп, алтын қорын байыта түскен іргелі шығармалардың бәрі дерлік алдымен “Жұлдызда” жарық көріп, журнал беттерінен өмірге жолдама алды. Ары алсақ С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Х.Есенжанов, бертіңді шолып қарасаңыз Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, Ә.Әлімжановтар алғашқы өлең әңгімелерінен бастап, соңғы дастан, роман эпопеяларына дейін сиясы кеппеген күйінде “Жұлдыз“ журналына ұсынып отырды. 1932 жылдан “Әдебиет майданы” деген атпен шыға бастаған журнал бетінде Сәкеннің “Біздің тұрмыс”, “Тар жол тайғақ кешу” романдарынан үзінді берілді. Аталған романдарда төңкеріс қарсаң- ывдағы қазақ ауылының әлеуметтік, рухани тіршілігі суреттелді. “Жаңа әдебиет”1 бұл мәселеге де үлкен ден қойды. Қазақ әдебиетінің қалыптасу дәуіріндегі поэ- малардың тақырыбы әр алуан. Тарихи, революциялық өмір, қазақ жалшылары мен әйелдерінің боставдық жодынцағы күрестері, аумодага таптық тартыстар, тіпті аңыз-ертегі, ел тарихы мен хикаясы негізінде дастандар жазбаған ақындар кемде-кем. Жыл асқан сайын драматургияның жанрлық, тақырыптық ауқымы арта түскен. Қазақ даласында болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс халқымыз- дың тарихында үлкен саяси маңызы бар оқиға еді. Сондықтан да оған қазақтың белгілі ақын- жазушыларының біразы кеңінен көңіл аударған.Бұл тарихи оқиға Бейімбет творчествосынан да үлкен орын алған. Оның “Жалбыр” атты пьесасы негізінен осы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналады. 1916 жылғы патша жарлығына қарсы күресті қазақ халқының еңбекші табы ең әуелі патшаның елдегі жендеттері мен би-болыстарын кұртып, олардың қолындағы солдатқа алынушылар тізімін өртеуден бастады. Сондай күрестердің бірі Жалбыр бастаған халық көтерілісі еді. Жалбырға ерген 96 жігіт патшадан шен алған, елдің қанын сүліктей сорған Қарабалықтың қанішер болысы Қадіров Сайымды ат құйрығына байлап өлтіреді.Жалбыр бастаған қазақ жастары Сайым болысты өлтірген күні түңде Дүйсенбай болыстың да кеңсесін өртейді. Осы тарихи шындық Бейімбет шығармаларына арқау болады. Үлы Отан соғысының басталуына байланысты “Әдебиет және искусство” журналы 1942-1943 жылдары уақытша тоқталып, 1944-1945 жылдары қайтадан “Майдан” деген атпен шығарылды. “Майдан” майдан мен тылдың жан жүрегін жалғастырып тұрды. Мәселен, ондағы Жамбылдың “Ленинградтық өренім”, “Аттан, батыр ұрпағым”, С.Мұқановтың “Біздің күш — ұлы Сталин”, Әдебиет сыны тақырыбы бұл жылдары кеңейіп, талдауы кемелдене түсті. Сынның ауыр жүгін көтеріскен әдебиетшілер легі молайды. Мәселен, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те әдеби сын жайында біраз қалам тартқан. Осы жылдары “Әдебиет және искусство” журналында Мүхтар Әуезовтың “Кейбір ұлт жазушыларының романдары туралы” деген үлкен сын мақаласы жарияланды.Мұхтар Әуезов бұл мақаласында бұрынғы кеңес үкіметіндегі бес халықтың тілінде жазылған романдарды, атап айтқанда, татар жазушы Башировтың “Намыс”, өзбек жазушысы Айбектің “Алтын атыраптан ескен жел”, қазақ жазушысы Ғабиден Мұстафиннің “Миллионер”, қырғыз жазушысы А.Садықбековтың “Біздің заманның адамдары” шығармаларын талдайды.“Бүл романдардың әрқайсысы бір-бірінетәуелді болмай, жеке-жеке жазылған шығармалар. Бұларда бір-біріне еліктеу кездеспейді. Алайда олардың әрқайсысы өзінің ұлттық әдебиеті арқасыңда соны және күшті шығарма болып шықты. Дегенмен оларда идеялық тұтастық, іштегі байланыс бар. Олардағы кейіпкердің сана-сезімі, ой-пікірі, күресі мен тағдыры бір-біріне ұқсастық тауып отырады”. «Жұлдыз» журналында көптеген жазушылар, ақындар өздерінің тундыларын,шығармаларын «Жұлдыз» журналының беттеріне шағартып отыр. Бүгінде сиясы кеппей тұрған біраз прозалар,поэзиялардың сандары өтте көп. 

Шәрбану Бейсенованың «Қызай ана» атты прозасы 17.04.2021жылы шыққан прозасы өтте керемет онда бұрын соңды естімеген аңыздарды оқып  осы прозада   шежірені көрсеткен,ақылдылық пен тәртіптілікті, инабатты да ибалы қыз болу керектігін, үлкендерді силап кішілерді  алап  және аманатқа қинат келтірмеді, мінездің көркем болуын көрсеткенен кейін мен прозаны аяғына дейін оқыдым . Прозада  Қызай ана жайлы мына бір деректе.  Бәйдібек би Тілеубердіден кейін Домалақ анамыздан Тәңірберді, Ақтамберді атты екі ұл сүйіпті, Күнбибі, Нұрбибі есімді екі қыз көріпті. Тәңірберді мен Ақтамберді жастай шетінеп кеткен екен. Ата-анасы Жарықшақ пен оның соңынан ерген екі қызды ұлға балап, мейірімдерін төгіп, мәпелеп өсірді. «Ата-анасының ақылы – даңғыраған сара жол», – деп үлкендер айтпақшы, Күнбибі мен Нұрбибі ақылгөй ата Бәйдібек бидің, әулие текті ана Нұриланың (Домалақ ананың) ақылымен сусындап өсіп, бой жетеді.Міне осылайша  негізгі аты Күнбибі болған екен ал деректерге сүйенсек Қызай деп Матай руына келін болып түскенде аталған екен яғни Күнбибі он жеті жасна толғанда Матай руна келін болып түседі екен сүйтіп анасы Домалақ ана қызына  «Қызым сен жат жерге келдім деп жатырқама, ендігі сенің елің осы- ел, үлкендерін құрметтеп, кішілерін аяла»- деп анасы ақыл айтады және де келінде үш серігі болады деген бұрынғылар деп қызына бар білгенін айтып береді «алғашқысы олсенің- жарың,екіншісі келін болып түскен- елің, үшіншісі- ізетіңмен мінез-құлқың»- деп ана қызна ақылын айтып кетеді екен сүйтіп Күнбибі анасының айтқанын бұлжытпай орындады ол үлкендерге құрмет көрсетіп жүшіріп жүріп бәрне үлгереді екен. Оны  көрген кісілер келін деге бата алмаған сүйтіп жүмсасада, шақырсада «Әй,Қызай» , «Қызай мынаны істей сала ғойшы» деп  атаған екен содан кейін бәрі Қызай деп атап кеткен екен.

Нұрғали Мөлдір Бақытжанқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз