«Ұлттық рухтың негізі-ұлттық тіл», -деп Мұстафа Шоқай айтқандай рухани мұра іспеттес алтын тілімізді құрметтеу біздердің басты міндетіміз. Өйткені, халық аузындағы тіл өшсе-халық та өлгені. Ал, халықтың өлгенін кім қалайды дейсің?Әйтсе де, ықылым заманнан баға жетпес қазына саналып келе жатқан тіліміздің бүгінгі таңдағы жағдайы мәз емес!Асыл текті төрелердің, ұлтшыл жанның ұрпағы болған қазақ халқының бүгінгі әл-ауқатындағы өзекті мәселелерінен қабырғаң қайысып, жаның удай ашитыны бар. Тілге құрмет-елге құрмет дейміз. Біздер тілімізді қаншалықты құрметеп жүрміз?Өзге тілдің жетегіне еріп, бағынышты болған бүгінгі қоғам пултьпен істейтін ойыншық тәрізді көрінеді. Сол пултьке бағынышты, соның дегенін орындайды. Тарих беттерін парақтасақ, кезінде «тілім, дінім!» деп қасық қаны қалғанша жан беріспей бүгінгі күнге аманат етіп кеткен батыр бабаларымыздың аманатына қиянат жасап жүргеніміз не? «Балық басынан шіриді» демекші, жоғарыдағы ағаларымыздың өзі ана тіліне жаны ашымай, шалалық танытып жатса бүгінгі қазақ халқының не оңғандығы дейсің!?Тұрсынбек Қабатов: «Қазақ тілі ең қиын тіл. Қиындығы соншалық кейбір қазақтардың өзі сөйлей алмайды» деген астарлы әзілінің өзі рас екен-ау дейсің бүгінде.
Тіл-әр ұлттың жаны, мінезі, пейілі, оның көп ғасырлық тарихы. Қазақ тілі оралымды, бейнелі, бай тіл. Біздің тіліміздің қиындығы соншалық кейбір сөздерін тіпті өзге тілге аудару мүмкін емес. Оған дәлел:М. Өтемісұлының ЮНЕСКО көлемінде өтілген 200 жылдық мерейтойы. Ол той Париж қаласында өткен болатын. Махамбеттің барлық өлеңдерін ағылшын тіліне, француз тіліне, испан тіліне аударады. Бұл әлемдік, ЮНЕСКО көлемінде өтілген тойға қазақтарда барады. Сонда музейді ішіне Махамбеттің сүбелі сөздерінен құралған сүйсінтер өлеңдері әлемнің барлық тіліне аударылып жазылады. Тек бір өлеңі ғана аударылмай қазақша жазылып көзге оттай басылады. Сонда ондағы келген қонақтар: «Апыр-ай!Қазақ деген қандай ұлы халық. Біз Махамбеттің тура осы өлеңін бүкіл тіл мамандары болып жиналып аудара алмай қойдық. Мынау дегенің сұмдыққой? Егер бізде Махамбет тәрізді ақынымыз болса өлеңдерін барлық тілге аударып, оны әлемге таратар едік», -деп таңданыстарын жасырмайды. Міне, шетелдік ғалымдардың өресі жетпеген біздің тіліміз-қасиетті тұмарымыз. Көрдіңізбе біз бағаламай жүрген тілімізге өзге ұлттың өкілдері қалай қайран қалғанын? Біз онымен мақтануымыз керек, мақтан тұтуымыз керек. Ана тіліміздің өшкенін емес, өскенін қалауымыз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деген тұжырымдамасын естен шығармауымыз керек.
Әлін білген әлек. Тілін ұмытқан намыссыз жандарды мына Отаның кешірмейді!Тіпті кешіруге лайық емессің. Біреу жаныңа батар сөз айтса итше ырылдасып жағасына жармасар адамға «тіліңді ұмыттың!» деп намысына тисең бейберекет жүргенін көріп ұлттық рухым құлдырауда деп қынжыласың. Елбасымыз «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты жолдауында: «25 жылддыққа дейін даму, ал 25 жылдықтан әрі жаңғыру» деген болатын. Енді ұлт болып ұйысып өзіміздің егемен ел, батыр бабаларымыздың қанымен бойымызға сіңген намысты, қайратты ел екендігімізді көрсетер сәт келді. Ендеше, бұл тіл мәселесінің орны ойсырап қалар өзекті мәселесі болғанын қаламаймын. Бүгінде қазақ халқының барлығы ана тілінде сөйлесе асығымыз алшысынан түсіп, ақ түйенің қарны жарылған күн сол болмақ. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен , өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Сондықтан да, айбыны асқақ ана тілімізді ұлықтап, жанашырлық танытып, құрмет көрсетейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі