Өлең, жыр, ақындар

Ерлік ескірмейді...

                                                                                      

1941 жыл...Соғыс... Қандай суық сөз. Осы бір 5 әріптік сөздің өзіңде қаншама ауыр  күндер жатыр десеңізші. Қатыгез соғыс ешкімді аямады. Ананы баладан, баланы әкеден айырған сол бір қатыгез соғыс. «Найзаның ұшымен, білектің күшімен елі, жері үшін жан берген ата бабаларымыздың арқасында осындай бейбіт, тыныш заманға жетіп отырмыз. Тарихтың қай кезенің алып қарасақта, ұл қыздарының ерлігі, қайсарлығы рухтың биіктігі, көзсіз батырлығы дәлел қажет етпейтін шыңдық.

Әңгімемізге арқау болып отырған, Арқа төсіндегі Қарағанды облысының  Шет ауданы- тарихқа бай, тағдыр талайын осы өңірмен байланыстырған қыруар адамдардың мекендеген тұрағы.  Аюлының баурайында дүниеге келген батыларымыз бен ардагерлеріміз өте көп. «Тарихтың қандай кезеңінде өмір сүрсекте, адам баласының аты жақсы ісімен, жақсы ізімен қалады»- демекші, өзі дүниеден біраз жылдар бұрын озса да, ізіәлі күнге дейін «тайға  таңба басқандай» анық қалған  атам жайлы болмақшы.

Әжемнің айтуынша  атам  жайлы күні бүгінге дейін жырлайды...

Менің  атам  Ордабайұлы   Есмақай Ордабайұлы (1904-1974 жж.) – Қарағанды облысы  Шет өңірінде дүниеге келген.

Атам өте еңбекқор адам болған. Әркез  адал еңбек етіңдер, еңбек еш уақытта өлмейді деп балалары мен немерелерін еңбек етуге тәрбиелейтін.  Атамның тағы бір  қасиетінің бірі ол мейірімді жүрегі. Үнемі ауыл адамдарына көмек көрсетіп, жақсылық жасап отыратын. Осы еңбекқорлығымен қамқорлығының арқасында қай жерде жүрсе де, құрметке бөленіп жүрді. Атамның қолы сәл бос бола қалса, кітап оқитын еді, көбіне тарихи романдар.

Атамның ерең еңбегі мені тәнті етеді. Сол жылдардағы қиын-қыстау заманға қарамастан, халқы үшін еңбек еткен  тұлға.

1942 жылы өз еркімен Ұлы Отан соғысына сұранады. Сол жылы Көкшетау қаласында 5 айлық жеделдетілген офицерлік курсты бітіріп, «кіші лейтенант» шенін алып, 3- Беларусь армиясының №98 гвардиялық атқыштар полкының құрамында соғысқа кірді. 1943 жылы «капитан» дәрежесіне дейін көтеріліп, батальон командирінің орынбасары болады. 1944 жылы Нарафаминск селосын азат ету кезінде неміс мергенінің оғы тиіп, оң қолынан айырылды. Соғыстағы ерлігі үшін «Орден красного знамени» орденімен (1943ж.) және бірқатар медальдармен марапатталған.

Ұлы Отан соғысы ер азаматқа ұлы сын болып, намыс отына оранып, өлім мен өмір арпаласқанда, атам да фашизммен қоян-қолтық қанды айқасқа аттанып, еліне оң қолынан айырылып оралды. Соғыстан  алапат қираған шаруашылықты орнына келтіруде отырып қалмай, бейбіт өмір жалғасын жалғастыруда ел қатарлы еңбекке араласқан еді.

Елге қайта оралғаннан соң да халық шаруашылығынан қол үзген жоқ: Сталин атындағы колхозының басқармасы, аудандық байланыс, мал дайындау мекемелерінің бастығы қызметтерінде болады. Зейнеткер жасына жеткенше өзі туып-өскен ауданының өркендеуіне атсалысты. Іс-тәжірибесі мен білімін сарқа пайдаланды. Сол арқылы аудан халқының құрметі мен ықыласына бөленді.

Атам барлық өмірін еңбекке арнап  1974 жылы дүниеден өтеді.

Менің  атам менің мақтанышым. Мен атаммен мақтанамын. Аталарымның ерең еңбектері, білімділігі кейінгі жастарға жалғаса берсе екен дегім келеді.

Ұлы жеңіс күні құтты болсын! Көк байрағымыз әрқашан биікте желбіресін!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия
11 сынып оқушысы Уланова Эльнура
Қарағанды қаласы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз