Қытай аңызы
Бұрынғы заманда қарт кісі өлуге таяп қалған шағында өзінің ұлын жанына шақырып алып:
— Балам, мен сенің кейін бақытты өмір сүруіңді қалаймын,— депті.
Сол кезде ұлы: — Әке, мен бақытты қалай таба аламын? — деп сұрайды.
Кәрі кісі: — Сен халықтан барып сұрап көр, халық саған бақытты қалай табу керек амалын айтып береді,— дейді де өмірден озады.
Әкесін жерлеп болған соң ұлы жолға шығады. Бір күні ол өзен жағасына келіп, бір аттың ақырын жүріп бара жатқанын көреді. Бұл ат әрі кәрі, әрі арық екен. Қатты шаршаған ат әлгі жігіттен:
— Әй, жас жігіт, қайда аттанып барасың?— деп сұрайды.
Сонда жігіт:
— Мен бақыт іздеуге аттанып бара жатырмын,— деп жауап береді.
— Мені тыңда, жігіт, мен жас кезде тек шөп жеуді, су ішуді ғана білетінмін, еш нәрсені де уайымдамайтынмын, адамдар менің жем дорбама жем салатын, соны жеуден басқа ештеңені де білмейтінмін. Ол кезде мен өзімді дүниедегі ең бақытты жан деп сезінетінмін. Бірақ мен қазір қартайдым, ешкім мені керек етпейді. Сондықтан саған айтарым, жас кезіңде жастық шағынды қадірлей біл, мен сияқты болма. Дайын затқа ғана құмар болмай, барынша еңбек қыл, елді аялай біліп, ел қуанышымен бірге қуана біл. Осылай болса, сен бақытты боласың, —дейді әлгі ат.
Жігіт басын изеп, өз жолымен кете берді. Келе жатып, жолда бір жыланға кезікті. Жылан одан: — Жас жігіт, қайда кетіп барасың? — деп сұрайды.
Жігіт: — Мен бақыт іздеуге кетіп барамын, — деп жауап берді.
Жылан: — Мен саған айтайын, бұрын менде у болған кезде менен бәрі қорқады деп өзімді өркөкірексіндім. Қазір елдің бәрі мені жек көріп, өлтіргісі келетінін түсіндім. Сондықтан мен әрдайым елден тығылып жүремін. Сен де мен сияқтысың, сенің аузыңда да у бар, тіліңмен елді жарақаттама, егер тыныш жүрсең, осы өмірде ешкімнен де қорықпай, әрқашан да еркіндікпен ғұмыр кешесің.
— Мен сенің сөздеріңді есімде сақтаймын,— дейді жас жігіт.
Жүре келе жас жігіт бір ағашты көреді. Ағаштың үстінде көгілдір түсті бір торғай отыр екен. Торғай: «Қайда бара жатсың, жігіт?»— деп сұрайды.
— Мен осы әлемдегі бақытты іздеп бара жатырмын, қайдан тапсам болады екен, білесің бе?— дейді.
— Үсті-басың топырақ-топырақ, киімің жыртық, көп жылдар бойы жүріп келе жатқан сияқтысың. Сенің түрің өзгеріп кетіпті, енді адамдар сенен қашатын да болды. Меніңше, сен бақытты таба алмайтын сияқтысың. Мен саған айтайын, егер денеңдегі заттар әрдайым көрікті болса, айналаңда әсем болады. Сол кезде-ақ бақыт келіп сені іздейді, — деп сөз қатады.
Кішкентай торғайдың сөзін естіген соң, жігіт үйіне кері қайтыпты. Ол тек еңбекқор, мейірімді және өмірге келгеніне қуанған адамның жанында бақыт мәңгі онымен болатынын түсініпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі